Өзбекстан мен Әзірбайжан 2027 жылы U-20 футболдан әлем чемпионатын өткізеді

ФИФА Атқарушы комитеті 2027 жылғы жастар арасындағы (U-20) әлем чемпионатын Өзбекстан мен Әзербайжанда өткізу жөнінде шешім қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл ақпаратты ұйымның баспасөз қызметі хабарлады.
Аталған турнир тарихи болмақ, себебі алғаш рет жарыс екі елде қатар ұйымдастырылады. Оның үстіне, олар әртүрлі конфедерацияларды — Азия футбол конфедерациясын (АФК) және Еуропа футбол қауымдастығын (УЕФА) — танытады.
Өзбекстан халықаралық турнирлерді өткізу тәжірибесіне ие. 2024 жылы елде футзалдан әлем чемпионаты сәтті өткен болатын. Енді Әзербайжанмен бірлесе отырып, Ташкент пен өзге де қалалар жастар арасындағы әлемдік додаға дайындық жүргізеді.
U-20 әлем чемпионаты әлем футболындағы маңызды жарыстардың бірі саналады, себебі дәл осы турнирде болашақ жұлдыздар алғаш рет таныла бастайды.
Алматыда оқу ақысы 5 миллион теңге болатын элиталық мектепте оқушыларға шикі тамақ берілген
Асхана тамағынан кейін балаларға асқазан-ішек жолдарының функциялық бұзылуы сияқты диагноздар қойылған
Қазақстанда көпбалалы әйелдерге 8 наурызға орай 43 мың теңгеге дейін біржолғы төлем беріледі
Ал қалған 8 аймақта көпбалалы аналарға ақшалай төлем берілмейді екен

