Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзбекстан 2027 жылдан бастап полиэтилен пакеттерге тыйым салмақ

Өзбекстанда мемлекеттік бағдарлама жобасында 2027 жылдан бастап пластик пакеттерге тыйым салатынын мәлімдеді. Үкімет пластик қаптамадағы тауарларды өндірушілер мен импорттаушыларды арнайы жинауға, қайта өңдеу пунктерін құруға міндеттеуді жоспарламақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: upakovki.by

2025-2027 жылдарға арналған пластикпен ластануды азайту жөніндегі Ұлттық бағдарламаның жобасын әзірлеу ұсынылып отыр. Бағдарламаға сәйкес, 2027 жылдан бастап пластик пакеттерді өндіру, импорттау және қолдануға тыйым салу, сондай-ақ экологиялық қауіпсіз (биоыдырайтын) пакеттерді пайдалануды ынталандыру ұсынылды.

Сонымен қатар пластикалық бұйымдар құрамындағы зиян химиялық заттарды шектеу және қайта өңделген пластикті қолдану коэффициенттерін енгізу жоспарланып отыр. Жобаны 2025 жылдың қыркүйегіне дейін әзірлеп, қараша айына дейін министрлер кабинетіне енгізу қарастырылған.

Президент жарлығының жобасына сәйкес, 2025 жылдың 1 қарашасына дейін пластик қаптамадағы тауарларды өндірушілер мен импорттаушыларды келесі шараларға міндеттейтін заң жобасын әзірлеу жоспарланып отыр:

  • Қаптаманы қайтару жүйесін ұйымдастыру – тұтынушылар пайдаланылған пластик қаптаманы қайта тапсыра алуы керек;
  • Пластик жинау және қайта өңдеу үшін арнайы пунктер құрып, жабдықтар орнату;
  • Пластик қаптамаға утилизациялық алымды төлеуге арналған кеңейтілген міндеттемелер енгізу.

Қазір әлемдегі 100-ден астам мемлекетте бірреттік пластик пакеттерге толық немесе ішінара тыйым салынған. 2010-2019 жылдар аралығында пластиктен біртіндеп бас тартуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар саны үш есе артқан. 2027 жылдан бастап Қырғызстанда да полимер пленкадан жасалған пакеттер мен пластик бұйымдарды өндіруге, сатуға және тегін беруге тыйым салу жоспарланған.


Іле ауданы әкімінің ұсталуы: Қоқыс полигонының орнына не салынатыны белгілі болды


Еске салайық, бұған дейін енді рұқсат етілмеген жерге қоқыс тастаған қазақстандықтарға салынатын айыппұл мөлшері ұлғайтылатынын жаздық. Габаритті қалдықтардан бөлек, ескі жиһаз, сынған тұрмыстық техниканы кез келген жерде қалдырған азаматтар қалтасынан қыруар қаржы санап беруі мүмкін. Министрлік өкілдері "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодекске өзгеріс енгізбек. Онда жеке тұлғаларға белгіленген айыппұл көлемін 185 мың теңгеден (50 АЕК) 740 мың теңгеге (200 АЕК) дейін ұлғайту көзделіп отыр. Ал лауазымды тұлғалар мен шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 100-ден 700 АЕК-ке дейін өсіру қарастырылған.

Талқылау