Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзбек әншісі клиптегі ерсі биі үшін лицензиясынан айырылды (видео)

Өзбек әншісі Шахло Ахмедова клиптегі ерсі биі үшін лицензиясынан айырылды. Әншіге осы уақытқа дейін ұлттық менталитке сай келмейтін биді билемеу туралы ескерту жасалған.

Өзбек әншісі клиптегі ерсі биі үшін лицензиясынан айырылды (видео)

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі Sputnik Өзбекстанға сілтеме жасап хабарлайды.

Өнер иесі “Летние дожди” атты әніне клип түсірген. Өзбекконцерт қыздың әнбаяндағы қимылын ұлттық менталитетке сай келмейді деп танып, оны лицензиясынан айырды.

Бұған дейін Өзбекконцертке қарайтын көркемдік кеңес танымал әртістердің 18 клипін қарастырып, олардың кейбірінің телеарналардан көрсетілуіне тыйым салды. 10-ға жуық әртістің бейнебаяны ұлттық менталитке сай келмейді деп танылды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау