Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өз ханзадаларын тапқан 8 заманауи ханшайым (фото)

Көпшілік адам өмірде ертегіге орын жоқ деп ойлайды. Бірақ, толыққанды мұндай кесім шығаруға болмайды. Оған дәлел – келесі суреттер топтамасы.

2

Бұл туралы AdMe.ru сайты баяндайды.

Ханзада Уильям және Кейт

1

Уэльс ханзадасы Уильям мен қарапайым ағылшын отбасының қызы Кейт 2001 жылы Шотландиядағы Сент-Эндрюс университетінде танысады. Кейт пен Уильям бірінші курста-ақ достасады. Қыз ханзаданы сынап көрмек болып, талай мәрте мінезін де көрсетеді. Бірақ, бәрі өз уақытымен ретке түседі. Өз кезегінде Кейт ханзаданы оқуды тастап кетпеуге де көндіреді. Олар туралы БАҚ-та суреттері жариялана бастаған сәт 2004 жылдан бастап ғана айтыла бастады. Махаббаттары ұзақ уақыт бірқалыпқа түспей, бірде айырылып, бірде қосылып жүрді. Бірақ, шынайы сезім бәрібір жеңіп шығып олардың ара-қатынасы туралы 2010 жылдың қарашасында нақты анық болып, 2011 жылы сәуір айында үйлену тойы өтті. Олардың тойын миллиондаған көрермен тікелей эфир арқылы тамашалады.

Испания королевасы Летиция

2

Журналистер мен дәрігерлер отбасынан шыққан Летиция бала кезінен журналистикаға қызықты. Фелиппен таныстыққа дейін бір ыжлға созылған некесі бар болатын. Ол ханзадамен репортаж жүргізген Галисиде танысады. Алғашқыда әйелдік мінезге салынып, Фелиппен кездесуден бас тартады. Бірақ, махаббат бәрібір мойындатып 2003 жылы екеуі шаңырақ көтереді.

Монака ханшайымы Шарлен

3

Жүзумен айналысу тек спорттық биікке ғана емес, король сарайына да бастап апаруы мүмкін. Шарлен Уиттсток спорттың осы түрімен айналысуының арқасында II Альбертпен танысады. Олардың алғашқы кездесуі 2000 жылы Монакадағы жарыс кезінде орын алса, екінші рет 6 жыл өткен соң Түркиядағы жарыс кезінде кездеседі. Сол кезде алғаш рет БАҚ беттерінде екеуінің бірге түскен суреттері шығады. Олар екеуінің ресми қатынастары туралы тек 2011 жылы ғана жария етті.

Дания ханшайымы Мэри

4

Мұғалімнің қызы Мэридің де ханзадамен танысуына спорт әсер етті. Ол дат ханзадасы Фредерикпен 2000 жылы Сиднейдегі олимпиада ойындары кезінде танысады. Кафелердің біріне демалуға кірген ханзада әдемі Мэриді көріп таңқалады. Осы арадан екеуінің таныстықтары басталады. 2001 жылы Мэри Парижге келіп ағылшын тілінен сабақ беріп, содан соң Данияға кетеді. Алайда Мэриге ханзаданың әйелі атану үшін, күйеуінің ата-анасының біраз шарттарын орындауға тура келді: Ол австаралия азаматтығынан бас тартып, дат шіркеуіне кіріп сенім білдіріп, дат тілін меңгеріп және екеуара некеден туылған балалардан ажырасу жағдайында бас тартуға тиіс болды.

Бруней ханшайымы Сара

Безымянный

Бруней елінің мұрагері де өзінің ханшайымын оқу ордасында кездестірген. 17 жастағы Сара 30 жастағы Әл-Мұхтади Билла Болкиахтың жары атанады.

Люксембург ханшайымы Тесси

Безымянный

Одан ерте үйленгеніне қарамастан Тесси Люксембург ханшайымы атағын тек 2009 жылы иеленді. Тесси Энтони мен Люксембург ханзадасының кездесуі Косовода болады. Көп өтпей олардың балалары бар екені жария болады. Ал король отбасының шешімі бойынша әулетте некесіз туылған бала болмауы тиіс. Тесси мен Луи балалы болғаннан кейін үйленеді. Осының кесірінен ханзаданың тақтан бас тартуына тура келеді. Кейінірек жұптың екінші балалары да дүниеге келеді. Әйтсе де ханзаданың отбасы үлкен қадамға барады: 2009 жылы маусым айында Люксембургтің ұлттық күнінде Ұлы герцог бұл некені мойындап, келінге ханшайым атағын, ал немересіне ханзада атағын береді.

Норвегия ханшайымы – Метте-Марит

7

Метте-марит қарапайым отбасында дүниеге келген. Ханзадамен таныстыққа дейін ол даяшы, сатушы болып, тіпті үйленіп, ұлын туып та үлгереді. Норвег ханзадасы Хоконмен ол 1999 жылы музыкалық фестиваль кезінде танысады. Алайда олардың үйлену тойлары Метте-Мариттің бұрын некелі болуына байланысты біраз қарсылық тудырады. Алайда Хокон не үйленем немесе тақтан бас тартамын деген шарт қояды.

Иордания ханшайымы – Рания Әл-Абдулла

8

Үлкен қызметке қол жеткізе алмаған, қарапайым ғана отбасынан шыққан Рания Citibank Аммана кіру үшін талпынады. Ақыры ол мақсатына жетіп, сол орталықта Иордания королінің ұлымен кездеседі. Жаңа таныстық үлкен сезімге бастау болып, ақыры үйлену тойымен аяқталады. Бұл керемет әйел төрт баланың анасы, әркез түрінің әрін кетірмей ханшайым деген атқа лайық болып келе жатыр.

Швеция ханзадасы Даниэль

9

Даниэль үлкен табысқа қол жеткізу үшін фитнес-бапкер болып, жеке зал ашады. Клиенттерінің арасында жас Виктория да болды. Олардың 8 жылы күтумен өтті. Себебі, Викторияның әкесі Карл XVI Густав олардың некесіне рұқсат беруі керек болатын. Соңы ертегідегідей бақытпен аяқталып, қос ғашық бір-біріне қосылады.

Талқылау