Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өз бетімен кетпесе, президентке жүгінеміз": Жоғары баллмен білім грантын ала алмаған түлектер Ғылым министрінің отставкаға кетуін талап етті

Су тасқынынан зардап шеккендерге квота енгізілуіне байланысты грант ала алмаған талапкер Медина Майсар Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің отставкаға кетуін талап етіп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: kursiv.media

Бұған дейін қазақстандық талапкерлердің ата-аналары балаларының ҰБТ-дан жоғары балл жинағанымен, оқуға түсе алмағанын айтып шағымданған. 

ҰБТ-да 119 балл жинаған Медина Майсар "Құқықтану" мамандығына түсе алмаған. Ол басқармадағы бюджеттік орындардың 20 пайызы су тасқынынан зардап шеккен аймақтардан төмен балл жинаған талапкерлерге берілгенін айтты. Түлек президент Тоқаев бұл жағдайдан бейхабар ма, деп алаңдайды.

"Бұл жағдайды президенттің назарына жеткізуді сұраймыз. Мемлекет басшысы тікелей араласып, біздің құқықтарымыздың бұзылуын тоқтатуы мүмкін. Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрі өзіне берілген өкілеттіктерді асыра пайдаланып, талапкерлердің конституциялық құқықтарын бұзды деп есептеймін. Мен енді мұндай министрге сене алмаймын. Оның дереу отставкаға кетуін талап етемін. Егер ол өз бетімен кеткісі келмесе, Қазақстан президентінен сауаттырақ министр тағайындауды сұраймыз", – деді Медина.

Сондай-ақ ол Ғылым министрлігінің тегін білім беруге арналған жаңа квоталарды құруға құқығы жоқ екенін айтты.

"Біріншіден, министрліктің жоғары оқу орындарында кадрлар даярлауға жаңа квоталарды белгілеуге құзіреті жоқ. Бұл өкілеттік Қазақстанның парламентіне жүктелген. Екіншіден, "төтенше квотаны" заңды түрде белгілейтін заңдық акт жоқ. Ол ғылым министрі Саясат Нұрбектің сөзінде ғана бар: оны өзі ойлап тауып, айтқан. Тек осы заңсыз негізде оның министрлігі мыңдаған мемлекеттік білім гранттарын бөліп, әділ конкурста лайықты талапкерлерден тартып алған", – деді түлек.  

Сонымен қатар ол, бұл істе адвокат Халида Әжіғұлованың көмегіне жүгінгенін айтты. Бұл жағдайға адвокат та наразылығын білдірді.



ҰБТ-дан 117 балл жинаған тағы бір түлек Илона Еркімбаева Нархозға түсуге екі жыл дайындалғанын, бірақ түспегенін айтты. Оның айтуынша, өзі таңдаған "Маркетинг және жарнама" мамандығы бойынша өту балы жыл сайын өсіп, биыл ол 118-ге жетті. Алайда Илонаның айтуынша, "квота" қамтылған өңірлерден келген талапкерлер үшін шекті балл саны 110 ұпай.

Илонаның анасы Юлия Емельянова ғылым министрлігінің болып жатқан жағдайға реакциясына көңілі толмайтынын білдірді.

Бұған дейін Саясат Нұрбек университетке тегін немесе ішінара төлеммен түсудің баламалы мүмкіндіктерін тізіп берген еді. Алайда Юлия Емельянова аталған гранттар оның қызына да, көптеген басқа балаларға да сәйкес келмейтінін хабарлады. Ол су тасқынынан зардап шеккен үміткерлер үшін бөлек гранттар бөлуді талап етті.

"Біз әкімдіктердің мемлекеттік гранттарына кірмейміз. Ректорлық гранттар көктемнің соңында тапсырылды. Бұл грант нәтижелеріне қарамастан, жыл сайын қосымша беріледі және олардың бұл жағдайға ешқандай қатысы жоқ. Біздің мамандығымызға еш жерде қосымша грант бөлінбейді", – дейді талапкердің анасы.

Емельянова грантты алмаған балалардың кейбірі қазір мамандығынан тыс жұмысқа баруды жоспарлап отырғанын айтты. Сондай-ақ ол шағымдарға жауап ретінде "қарапайым мамандықты таңдауы керек еді" деп жауап бергенін айтты.

Заңгер Айжан Шералиева табиғи апаттан зардап шеккендерге квота белгілеу шынымен де заңсыз және жойылуы мүмкін екенін, жарияланған гранттар тізімін қайта қарау керегін түсіндірді.

"Мемлекет өтініш берушілерді мазақ етіп отыр. "Квота" енгізу және гранттарды бөлу ашық түрде болмады. Бұл "квота" тетіктері заңға сәйкес келмеді. Осы квота жобасы 2024 жылы 27 мамырдағы  "Ашық заңды тұлғалар" интернет-порталында бар. Ол екі апта бойы талқылауда тұрды, бірақ жоба ретінде қалды: оның заңды күші жоқ. Негізгі бұйрық сонау сәуір айында бекітілген, бірақ төтенше жағдайдан зардап шеккендерге квота қарастырылмаған", – деді заңгер.

Қазақстандық халықаралық адам құқықтары және заңдылық бюросы директорының орынбасары Денис Дживага, қазақстандық студенттерге шетелде білім алу әлдеқайда жеңіл екенін айтты. 

"Соңғы уақытта билік тарапынан кейбір азаматтардың құқықтарын нашарлатып, басқалардың құқықтарын жақсартатын көптеген жағдайлар болып жатыр. Басқа өтініш берушілерге көмектесуге ешкім қарсы емес. Дегенмен басқа азаматтардың құқығына қол сұғу да дұрыс емес. Әсіресе бұған заңды негіздердің жоқтығы көрініп тұр? Қазір көбі Қазақстанда қалып, оқуға түскеннен гөрі, шетелге оқуға бару оңай дейді. Қазақтың білім беру жүйесі әлемдегі ең жақсы жүйе емес”, – деді Денис Дживага. 

Заңгер Халида Әжіғұлова Ғылым және жоғары білім министрлігіне талап қойды:

  • 25 тамызға дейін гранттардың жаңа тізімін шығару;
  • "Төтенше жағдайдан зардап шеккендерге арналған квотаның күшін жою";
  • гранттарды "заңды иелеріне" қайтару;
  • су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтардың білім алуын қаржыландырудың басқа көздерін іздеу.

Сонымен қатар адвокат талапкерлер мен олардың ата-аналары Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарсы топтық талап арыз беріп, жарияланған гранттар тізіміне шағымдануға дайын екенін айтты.

Айта кетейік, бұған дейін желіде түлектер ЖОО-ға түсу грантының басым көпшілігі су тасқынынан зардап шеккендерге берілгеніне қарсы шыққан еді. Олар петиция жариялауға дайын. Ал Ңылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек неліктен жоғары балл алған қазақстандық түлектердің грант ұта алмай қалғанын түсіндірген еді. 

Ал Асхат Аймағамбетов грантқа түсе алмаған талапкерлерге кеңес берген еді.

Талқылау