Өз әйелін пышақтап өлтірген азамат 16 жылға сотталды
Алматы облысында өз әйелін пышақтап өлтірген азаматқа қатысты сот үкімі шықты. Тапа-тал түсте ата-енесінің үйіне сау етіп келіп, қайғыға душар еткен Бақтыбай Полатбай істеген қылмысы үшін 16 жылға бас бостандығынан айырылды.
Бұл туралы 31 арна хабарлады.
Алматы облыстық ауданаралық мамандандырылған соты істі 1 айға жуық қарады. Қылмыстық кодекстің 99 және 149-шы баптары бойынша айыпталған азамат жәбірленуші отбасына 5 миллион теңге көлемінде моральдық шығын өтеуі тиіс. Және тағы бір миллион теңгеден астам материалдық өтем тағайындалды. Айта кетейік, жұбайын аяусыз пышақтың астына алып, жазым еткен Бақтыбай Полатбайдың екі баласы нағашы ата-әжесінің қолында тәрбиеленіп жатыр.
Жіберіп алмаңыз:
Суицидке итермелейтін «Синий кит» ойынынан соң ІІМ ғаламторда бақылауды күшейтті
Өскеменде кондуктор мүгедек ер адамның автобустан түсуін талап еткен
Қарағанды тұрғыны көшуге көнбеген күйеуін пышақтады
Танымал адвокат Астанада эротикалық суретке түскен қызға көмегін ұсынды
Талқылау