Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде кондуктор мүгедек ер адамның автобустан түсуін талап еткен

ШҚО-да облыс орталығында 43 жастағы мүгедек ер адамды автобустан қумақ болды. Кондуктор оған автобуста тегін жүру мүмкіндіктері қарастырылмағанын, сондықтан жолақысын төлемесе, көліктен шығарылатынын айтқан.

20170202belaya_trost_1

Фото: Виктора Абакумова

Бұл туралы YK-news.kz хабарлайды.

Анатолий Тютюньков бірінші топтағы мүгедек. Ол үйінде қарап отырмай, жұмысымен қаланы аралап жүреді. Оны әдетте зағип жандар қоғамының бір әйел адамы алып жүреді. Алайда, осы жолы көмекшісі Анатолийді автобусқа отырғызып, өзі қалып қалады. Ер адамды аялдамадан әкесі күтіп алу керек болған.

2016 жылдың 16 тамызында Анатолий Тютюньков № 351 автобусына мінеді. Кондуктор оған ешқандай жеңілдіктер жоғын, сондықтан жолақысын төлеугі міндетті екенін айтады. Мүгедек ақша төлемейтінін айтқан соң, ол көліктен түсіп қалуын талап еткен.

«Көмекшім қасымда жүріп, жәрдемақымды алуға көмектеседі», – дейді өзі.

Кондукторға салондағы бірнеше жолаушы жақтасып, оның көзі көретінін, құжатын сатып алғанын айтып кіналайды.

Зағип жанның айтуынша, автобусты үш рет тоқтатып, оның түсіп қалуын талап еткен.

Кейбір жолаушы зағип жанға ақша ұсынған. Алайда, ол тегін жүруге міндетті болғандықтан ешкімнен ақша алмайды. Ол ақыры барар жеріне сол автобуспен жетеді.

Ер адам осы оқиғадан соң басы ауырып, қысымы көтерілгенін айтады. Кейіннен кондуктордың үстінен арыз жазады.

Ол соттан моральді өтемақы талап етеді.

«Ертесі күні кондуктор маған хабарласып жылады. Мүле басқаша сөйлем тұр. Өзінің асылып қалатынын айтты», – дейді Тютюньков.

Осыдан соң тасымалдау фирмасы басышысының қолы қойылған ресми хат жазылды. Онда кондуктор Иванова Татьянаның сөгіс алғаны, оның түсініктеме жазғаны айтылған. ТОО Vosca атынан кешірім сұраған.

Ал, сотта кондуктор зағип жанға артық сөз айтпағанын, оған жолаушылар тіл тигізгенін айтты.

«Мен одан мүгедектігін растайтын құжатын көрсетуін сұрадым. Ол оның көмекшісінде қалғанын айтты. Оның көзілдірігі де, таяғы болған жоқ. Мен бұл автобуста жеңілдіктер қаралғанын білмеймін. Маған басшылар айтпаған. Соңында мен кінәлі болып шықтым», – дейді кондуктор.

Зағип жан оның телеарна арқылы кешірім сұрауын талап етеді. Сондай-ақ 100 мың есебінде өтемақы талап етеді. Алайда, сот шешімімен соманың 10 мыңы ғана міндеттелді.

Сотта Анатолийдің мүгедектігі растайтын құжаты көрсетіліп, оның автобуста тегін жүруге құқылы екені айтылды.

Ал, Анатолий сот шешіміне толық келіспейтінін айтты. Ол осы оқиғадан соң қоғамдық жерде жүруден сескеніп қалғанын алға тартты.

Михаил Потапов

Жіберіп алмаңыз:

Қарағанды тұрғыны көшуге көнбеген күйеуін пышақтады

Танымал адвокат Астанада эротикалық суретке түскен қызға көмегін ұсынды

Ақтөбеде алаяқ заңгердің әкесі жәбірленушілердің кешірімін алу үшін үш жылқысын сойып берді

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр