Тұрмысқа шықпаған жұлдыздар өз “проблемасын” өздері айтты
Қазір қоғамда талқыға түсетін проблема көп. Кейде тіпті әншілердің дене бітімі де, киім киісі де дауға айналады. Тұрмыс құру тағы бар. Қазақ сахнасындағы «отырып қалған» қыздар өз мәселелерін өздері айтты.
Бұл туралы 31 арна жазды.
«Туу, менің осы тұрмысқа шықпағаным бәріне проблема болды»,-дейді әнші Гауһар Әлімбекова.
Расымен де. Әркімнің жеке өмірі – өзінікі емес пе? Бірақ, Әсел Сәдуақасова жеке өмірін емес, ішкі өмірін, жан-дүниесін кино тілімен суреттеді десек, артық емес. 31 жасқа келгенде, 30-дан асқанда тұрмысқа шығу туралы фильмге түсті.
Жұлдыздар Төлегенді күтіп, Қозы қашан келеді деп жүре беруге болмайды дейді. Ал, кешігудің себептері көп қой.
«Қыздардың талаптары жоғарылап кеткеннен кейін болар, кеш тиіп жатыр»,- дейді әнші Айқын.
«Когда вижу детей, раньше две минуты держать не могла. Сейчас с возрастам старше становлюсь приглядываться»,- дейді әнші, актриса Әсел Сәдуақасова.
Осылай деп ағынан жарылған актриса бұрынғыдай жас қыз емес екенін мойындайды. Бүгінде көп ойланып, көп толғанады. Фильмдегі қыздың тағдыры өз өмірінен еш алыс емес.
“Аузы күйген үріп ішеді” демекші актриса бүгінде әр қадамын аңдап басады. Ғашық болып, «сүйдім-күйдім» деген жігітке оңбай алданып, опық жеген актриса бүгінде жалғыз. Тіпті, осыдан 4 жыл бұрынғы оқиғаны есіне алғысы келмейді.
Әсел өзінің осы күнге дейін жалғыз жүргенін махаббат сезімін оятатын жігіттің жоқтығымен байланыстырады.
«Тут мне кажется должно быть судьба. Должна быть любовь. Планировать замужества очень сложно. И женитьбу. Нельзя так,так 32 я выйду замуж. Так не бывает. Если я встречу достойного человека я пойму что именно он»,-дейді Әсел.
Әселдің шоу-бизнесте әсіресе қыздардың тұрмыс құруы аса қиын деген пікірімен әнші Гауһар Әлімбекова да келіседі. Биыл әншінің жасы 45-те.
«Биыл шығамын десем жылда сөйтіп айтып ұят болды халықтан. Құдайдың құлағына шалынсын деп жақсы сөздер айтып жатырмын тегі ілінбей жатыр ғой»,-деді әнші Гауһар Әлімбекова.
Гауһарда бәрі бар емес пе? Атақты әнші, танымал жұлдыз. Елдің құрметі де ерекше. Бірақ, жас кездегі албырт ой, өнерге деген махаббат бүгінгі әттеген-айға соқтырарын кім білген? Енді ән шығарғанмен, ол тақырыпты қалжыңға айналдырғанмен, бәрі бола кете ме?
«Осы тұрмысқа шықсам өнерім қалып кететіндей болып тұрған шығармын. Сосын шықпаған шығармын. Ал, қазір сенімдімін. Бүгін осы концерттен кейін күйеуге шығып кетсем де өкінбеймін»,-деді деді әнші Гауһар Әлімбекова
Біз де тілекшіміз. Ал, Ғани әнші бауырларына жүректің отын жағамын десең, жүректі болу керек дейді.
«Жігіттерге айтар едім, сол оларда қарапайым өздерің сияқты қазақтың қыздары. Сондықтан да батылырақ болыңдар. Қыздарға құрмет көрсетсеңдер, көнбейтін қыз жоқ»,-деген ойда Ғани мен Бота.
Ондай таза жүректі жігітті Әсел де іздейтін сияқты.
Хош делік, халықтың ерке қызы Мақпал Жүнісова сахналық киімдерін киіп көріп тағы бір рет пысықтап жүр. Әнші ерекше толқыныс үстінде. Себебі, жақында әншінің сахна төрінде жарқырап ән салып жүргеніне 35 жыл толады. Әнші бұл атаулы күнді ел алдында, концерт беріп атап өтпек.