90 рюкзак пен чемоданнан құралған "рақмет": Қазақстанға келген ресейліктер қазақ халқына алғыс білдірді
Өткен жылы мобилизация жарияланғаннан кейін Қазақстанға келген ресейліктер қазақ халқына жылы қарсы алғаны үшін алғыс білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видеодан скриншот
Олар 1 қазан күні Алматы маңындағы тауда 90 рюкзак пен чемоданнан құралған "РАҚМЕТ" сөзін жазған. Ұйымдастырушы әрі суретші Олег Эхоның айтуынша акцияға қатысушылар шекарадан дәл осы жүктерімен бірге өткен.
"Қонақжайлылығы үшін Қазақстанға рахмет! Бізді өз жерінде қарсы алған халыққа рахмет! Осы жерде кездестіргендердің барлығына рахмет! Осы жазуды жазуға атсалысқандардың барлығына рахмет! РАҚМЕТ!" деп жазды ұйымдастырушы.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың қараша айында Ресей Федерациясы аумағында ішінара жұмылдыру жарияланғаннан кейін Қазақстанға 400 мыңнан астам ресейлік келген. Кейіннен 320 мыңнан астамы Қазақстаннан кеткен.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”