Соңғы жаңалықтар

"Өте жайлы қала, тамақтары тіл үйіреді": Италиядан Алматыға келген турист қалаға қайран қалды

Алматыға Италиядан Микэль Скуери деген турист келді. Мамандығы бойынша бағбан италияндық қонақтың саяхатқа жаны құмар. 15 жылдың ішінде жарты әлемді саяхаттап шыққан. Кезекті сапар нүктесі – Қазақстан және оАлматы болды. Айта кетейік, Қазақстан - Орталық Азия бойынша оның сапары түскен алғашқы мемлекеті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Almaty.tv арнасына сілтеме жасап.

турист

Алматыға шетелдік қонақ 1972 жылы шыққан раритетті италияндық автомен келді. Ол оны арнайы осы сапар үшін сатып алған екен.

Туристің қаладағы алғашқы белгіленген пункті – Visit Almaty туристік ақпарат орталығы болды. Туристік хабтың табалдырығын аттай салысымен, италияндық қонақ жайлылық пен қонақжайлылық атмосферасына енді. Онымен қоса, ол қала жөнінде, Алматының ең әсем жерлері, оңтүстік астананың туристік потенциалы жайында толыққанды ақпарат алды.

Италияндық қонақ үшін кең дастархан жайылып, ол ұлттық тағамдардың тіл үйірер дәмін татып көрді. Микэль Скуери бауырсақтың ерекше дәмін, қымыздың шөл қандырар қасиетін атап өтті.

«Өте жайлы қала және дәмді тамақ. Маған қазақтың тағамы ұнады», - деп атап өтті италяндық турист. Туристік хабтың ішінде орналасқан жайлы киіз үйде отырып, қонақ ерекше қонақжай әрі жайлы атмосфераны атап өтті.

Италияндық қонақ тек қонақжайлылығымызға ғана емес, Алматының көзтартарлық тау бөктеріне де тәнті болды. Онымен қоса, ол отанына оралмас бұрын, «Алтын емел» ұлттық саябағына да барып қайтқысы келетіні жайында айтты. Себебі оның әсем табиғаты жайында біраз естіген екен.

Сапарының соңында, Алматы туралы ыстық естеліктерді сақтап қалу үшін Микэль Скуери автокөлігіндегі жапсырмалар топтамасын қалалық кәдесыйлармен толықтырды.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Елордада "мейірімді" қылмыскер ұсталды

Қарт әйелді тонады деген күдікпен ер адам ұсталды

Қазақстанда 2020 жылдың жазында ауа райы қандай болады

Синоптиктер осы жылдың жазы мен күзіне арналған ауа райы болжамын ұсынды

42500 теңге алуға 1 млн табысы бар азаматтар да өтініш берген - Еңбек министрлігі

Осындай екі мыңға жуық азамат өтініш берген

Димаш мұқтаж отбасыларға 5 тонна азық-түлік жіберді

Әнші бұл туралы өзі аййтпаған

Еңбек министрі банкте есепшоты жоқ адамдарға 42500 теңгелік төлемді қалай алуға болатынын айтты

Министр: Банкте есепшот ашуға асықпай-ақ қойсаңыздар болады

Білім министрлігі телеарнадағы сабақтар неге 10 минутқа ғана созылатынын түсіндірді

Шолпан Каринова бейнесабақты көргеннен кейін оқушы өз бетінше жұмыс істеу үшін белгілі бір тапсырмалар алатынын айтты.

Бейресми жұмыс істеген қазақстандықтар 42500 теңгені алатын болды ма? Министр түсініктемесі

Еңбек министр: Ол үшін өз дәрежелеріңізді рәсімдеулеріңіз керек

Декреттегі аналарға 42500 теңгелік жәрдемақыға өтініш білдіруге рұқсат берілді

Министр: Балалы әйелдің декретте жатқанына бір жылдан асса, жәрдемақыға іліне алады

42500 теңге: Еңбек министрі "жаңа өзгерістер" туралы ақпаратқа түсініктеме берді

Министр әлеуметтік желі авторларының жазбасына жауап берді

42500 теңге жәрдемақыны алу үшін өтінім беруге арналған жаңа бот іске қосылды

Ол үшін Telegram мессенджеріне кіру керек
Çàãðóçêà...