Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өте сүйкімді": Жеңіс Ысқақованың бала күніндегі суреті көпшілікті қайран қалдырды

Жеңіс Ысқақованың бала күнгі суреті көптің назарын аударды. Әнші анасы екеуінің суретін жариялады. Озат оқушы болған әншінің бұл суреті мектептегі үлгілі оқушылар құрмет тақтасына қойылған.

 Бұл суретті әншінің өзі парақшасында жария етті.

"Алғашқы мектеп табалдырығын аттаған, алғашқы қоңырау соғылған күн баршаңыздың естеріңізде шығар. Әр адамның ең бақытты шағы мектеп қабырғасында өтті деп ойлаймын. Мына суретті мектептің үлгілі оқушылар құрмет тақтасына анам екеуміз аудан орталығындағы фотосалонға барып түскеніміз əлі есімде. Бүгінгі күн сіздердің естеріңізде ме?", - деп жазды әнші.

Фотода бала Жеңіс Ысқақова мен анасы.

"Ол ең керемет кездер ғой", "Өте сүйкімді екенсіз", "Сіз екеніне сене алмай отырмын", "Анаңыз да сұлу", "Мен де озат оқушы болдым", "Не деген шынайылық, тазалық", - деп жазды жанкүйерлері.

STAN.KZ
Сейсенбі, 15 Қыркүйек, 2020 08:55
Талқылау