AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Отбасылық сынағымыз": 5 жыл бала сүйе алмаған блогер жан сырын ақтарды

Танымал әзілкеш, блогер Елдос Қадырханов (eldos_kalabok) отбасылық өміріндегі қуанышты хабармен бөлісті. Ол жұбайымен отасқанына 5 жыл толуына орай Мальдив аралдарына аттанды. Әзілкеш бала сүйе алмай жүргенін айтып, оқырмандарына жан сырын ақтарды, деп хабарлайды Stan.kz.

"Отбасы құрғанымызға 5 жыл, Аллаға шүкір, Алладан дұға етіп сұрап алған келіншегім ғой. Енді Аллах бізге бала болып жүре бермей, балалы болуды нәсіп етсе, арманым жоқ. 

Достар, сіздер де дұғада болыңыздар. Баяғыда көңілімізге алып, жаман болып қалушы едік. Қазір ондайды қойдық. 

Аллах қаласа ұл береді, қаласа қыз береді, қаласа екеуін де береді және қаласа ешқайсысын бермейді. 

Бұл біздің отбасылық өмірдегі сынағымыз, сынақтан сүрінбей өтіп, елден сүйінші сұрайтын күнге жетейік", – деп жазба қалдырды ол Instagram-да. 



Желі қолданушылары Елдостың тезірек балалы болуын тілеп, жылы тілектерін жаудырды. 

"Бала-шағаларыңыз көп болып, миларыңыз ашып жүре берсін", "Алланың қалауымен, Мальдивыдан ұлды да, қызды да болып келіңіздер", "Егізден нәсіп етсін", "Көпбалалы ана атансын", – деп жазды олар. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр