"Екі жылдан бері араласамыз": Сабина Мовлаеваға көлік сыйлаған жігіттің кім екені белгілі болды
Танымал блогер Сабина Мовлаева туған күнінде көлік сыйлаған адамның кім екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/sabina___movlaeva/
Желі жұлдызы барлық достарын жинап 27 жасқа толған туған күнін атап өтті.
“Өзімнің досым сыйлады. Екі жылдан бері жақсы араласамыз. Сол кісінің сыйлығы болатын. Мейрамханаға келгеннен кейін түсіріп жүрген адамдарды көрді де бетперде киіп алды. Өйткені халыққа көрінгенді ұнатпайды. Әлеуметтік желінің ешқайсысында отырмайды. Жеке бизнестің адамы. Бұйырса Forbes журналына шығып қалатын шығар?! Оны менің қасымнан көрген адамдар “Отбасы бар, үйленген” деп жатыр. Бірақ ол – жалған ақпарат”, – деді Сабина
-
"Эскорт қызметін көрсетеді": Сабина Мовлаева атышулы видеодағы қыздың кім екенін анықтады
-
Блогер Сабина Мовлаева әлеуметтік желіде тараған интим видеоның сараптама қорытындысын жариялады
Сондай-ақ блогер жас әнші Нұрмұхамед Жақыппен қол ұстасып шыққан видеосына қатысты пікір білдірді.
“Ол маған ұнайды. Негізі Қайрат Нұртасты шақырғым келген. Бірақ ол кісі шетелде болды. Екеуінің де әндерін сүйіп тыңдаймын. Екеуіміз VIP кабинетте отырмыз. Одан "қай жылғысың?" деп сұраймын. Ол 2006 жылғымын дейді. Ал мен әзілдеп 2008 жылғымын деймін. Содан ол парақшама бірден тіркелді. Арамыз – 8 жас. Біз қыздар жігіттерге қарағанда тез қартаямыз ғой. Кіші болғаннан кейін ұялған болар. Бірақ қол ұстасып тұрғанда күшті бір сезімде болдым", – деп блогер ақталды.
Еске салайық, желі жұлдызы туған күніне 12 миллион теңге жұмсағанын айтқан еді.