Отбасы тіс емханасын ашып, адамдарды интернеттегі нұсқаулықтар арқылы емдеп келген
Фото: pixabay.com
Чехияда полиция жасырын жұмыс істеген отбасылық тіс емханасын әшкереледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Associated Press порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Үш адамнан тұратын отбасы 50 жастағы мейірбике, оның 44 жастағы күйеуі және 22 жастағы ұлы бар. Олар медициналық қызмет көрсетуге рұқсатсыз, өз үйлерінде екі жыл бойы пациенттерді қабылдап келген. Ұлы интернеттен алған нұсқаулықтар арқылы тістерді жұлып, емдесе, анасы оған көмекші болып, ал әкесі протездер жасаумен айналысқан.
Осы уақытта аралығында олар төрт миллион чех кронын (96 896 217 теңге) табыс тапқан. Оларды бір науқастың шағымынан кейін әшкерелеген. Жалған дәрігерлердің емінен кейін ер адамда ауыр асқынулар пайда болып, ол нағыз стоматологқа жүгінген.
Үшеуі де заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу, денсаулыққа зиян келтіру және есірткі заттарын өндіру баптары бойынша кінәсін мойындады. Оларға сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр. Полицияның айтуынша, ондаған адам бұл қылмыстық топтың құрбанына айналған.
"Денесінен 1,5 литр ірің шыққан": Пластикалық ота жасатқан алматылық әйел өлім аузынан қалды
Еске салайық, бұған дейін Қостанай сотының мәліметіне сенсек, сотта 37 жастағы дипломы бар дәрігер Ерлан Умаров пен 50 жастағы күмәнді дипломдары бар Ирина Громова қылмыстық жауапқа тартылды. Громова дәл осы Умаровтың "Ерлан-Мед" клиникасында пластикалық операциялар жасап, науқастардың бет-әлпетін және денелерін өзгертіп отырған. Үш адам бұл іс бойынша жәбірленуші ретінде танылды. Екі әйел мен бір жасөспірімнің денсаулығына орташа дәрежеде зиян келтірілген.
Ал үшінші жәбірленушіге қатысты сараптама кезінде оның күрделі жағдайы жөнінде нақты шешім қабылдау мүмкін болмаған. Себебі ол операциядан кейін өз бетінше еріндеріндегі тігістерді алып тастаған. Сондықтан оның жағдайының ауырлығы анықталмағандықтан айыпталушының пайдасына шешілді.

"Насыбай секілді жиіркенішті заттардың қалдықтары жатыр": Сайран жағалауын қоқыстан тазартқан жігіт желіде мақтау жинады
