Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Отбасы қайтыс болған туысының мәйітін 6 апта үйде ұстаған

Ұлыбританияның Хемсли қаласында отбасы қайтыс болған туысының мәйітін мумиялап, 6 апта бойы үйде ұстаған. Қайтыс болған әйел көзі тірісінде дарынды суретші болған екен.

Отбасы қайтыс болған туысының мәйітін 6 апта үйде ұстаған

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

2018 жылдың 25 қыркүйегінле дәріхана қызметкерлері полицияға хабарласып, жапониялық ерлі-зайыптының медициналық спиртті көптеп сатып алып жүргенін және олардың үстінен мәйіттің иісі шығатынын айтқан. 

Сол күні полицейлер 52 жастағы Йосика Ясутакэ, 46 жастағы  інісі Такахиро мен 76 жастағы анасы Митико тұрып жатқан тұрып жатқан үйге барады. Тәртіп сақшылары үйдегі жатын бөлмелерінің бірінен Йосики мен Такахироның қайтыс болған әпкесі Ринаның мумияланған мәйітін тауыпты. Болжам бойынша, ол 6 апта бұрын қайтыс болған. Әйел көзі тірісінде дарынды суретші болған екен. 

Қайтыс болған әйелдің туыстары мәйітті жерлеуге тосқауыл болды деп айыпталып, сот алдында жауап берді. Олар аудармашы арқылы тілдесіп, аты-жөндері мен Хелмсли орталығындағы коттедждің мекенжайын растады. 

Артынша іс Йорктің корольдік сотына жіберілді. Ендігі отбасыға қатысты іс 2 желтоқсанда қаралады. Оған дейін отбасы кепілмен босатылды. 

Ясутакэге тағылып отырған айып бойынша ең ауыр жаза ретінде өмір бойына бас бостандығынан айыру қарастырылған. 

Талқылау