Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Отбасы банкінің" онлайн ипотекасы: Жылдам, тиімді және қолжетімді

Фото: Отбасы банк

Отандық банк саласында ойып тұрып орын алған, мыңдаған қазақстандықтың баспаналы болуына оң ықпал еткен "Отбасы банк" АҚ клиенттерге жайлы жағдай жасау жолдарын жыл сайын жетілдіріп келеді. Сондай тиімді тетіктердің бірі – онлайн ипотека. Соңғы уақытта бұл жүйе тұтынушылар тарапынан жоғары сұранысқа ие болып отыр. 

Арман орындалды!

Жеке баспана – әр адамның арманы. Өз үйіне қол жеткізу үшін азаматтарымыз тынбай еңбек етіп, тірнектеп қаржы жинап, болашағының іргетасын қалап жатады. Сондай жандардың бірі – алматылық Алуа Шынжырбай. Ол "Отбасы банк" пен жергілікті әкімдік бірлесіп қолға алған "Алматы жастары" бағдарламасы арқылы баспаналы болды. 

"Мен қала мектебінде мұғалім болып жұмыс істеймін. Еңбекке араласқан сәттен-ақ үй алуды қалап, алдыма мақсат қойдым. Бұл ретте "Алматы жастары" бағдарламасының тиімді екенін байқап, бірнеше жыл қатарынан қатысуға өтініш бердім. Алайда бұған дейін жолым болмай келді. Бір жылы құжаттар дұрыс болмай қалса, енді бірде балл жетпей қалып жатты. Тағы бірде кірісімнің аздығы әсер етті. Сөйтіп, биыл ғана бағдарламадан сәтті өтіп, баспана алатын болдым. Өтінішті арнайы портал арқылы бердім. Аружан есімді менеджер өтінішті қабылдап алғаннан сәттен пәтер кілтін қолыма алғанға дейін сүйемелдеп, кеңесін берді. Онлайн түрде үнемі байланыста болдық. Есесіне банк филиалына барып, қарасы қалың адамдар арасында ұзақ кезек күткен жоқпын. Банктің өзіне де екі-ақ рет бардым. Ал бүгін екінші нарықтан алған бір бөлмелі пәтерімде қоныс тойын атап өтіп жатырмын", – дейді Алуа Мұратқызы. 

Алматы қаласының тағы бір тұрғыны – Эльмира Сейітова да көптен армандаған пәтеріне ипотеканы онлайн рәсімдеу арқылы қол жеткізді. Ол otbasybank.kz сайтындағы Baspana marketмаркетплейсі арқылы өтініш беріп, баспаналы болды.

"Мен "Отбасы банктегі" шотыма бұрыннан қаржы жинап жүретінмін. Таяуда зейнетақы шотымдағы қаржы шекті сомадан асқанын байқап, біржолғы зейнетақы төлемін пәтердің бастапқы жарнасы ретінде пайдаландым. Бұл ретте "Отбасы банктің" бағдарламалары тиімді екенін атап өткім келеді. Біз тұрғын үй заемын пайдаландық. Шоттағы қаржымды, зейнетақы төлемін қосып, 50 пайыздық жарна ретінде салып, қалғанын банктен 8 жылға несиеге алдық. Ай сайынғы төлем пәтерді жалдау ақысынан да аз. Сонысымен оңтайлы. Онлайн өтініш беру мүмкіндігінің болуы тіпті жақсы. Ештеңеге алаңдамастар, үйден шықпай-ақ барлық шаруаны менеджердің көмегімен атқардық. Құжатқа қол қою кезінде ғана банк филиалы қызметкерінің алдынан өттік. Осындай тетіктің қосылуы бізге, клиенттерге, өте ыңғайлы", – дейді ол. 

Астана қаласының тұрғыны Жанар Бейжанова да онлайн ипотеканың игілігін көрді. Әріптесінің "Отбасы банк" арқылы пәтер алғанын байқаған ол, өзі де маркетплейс арқылы өтініш беруді жөн санады. 

"Кез келген ата-ана балаларының болашағы жарқын болуы үшін аянып қалмайды -деп ойлаймын. Мен де біраз уақыттан бері балаларыма инвестиция ретінде пәтер алуды ойластырып жүрдім. Ол үшін "Отбасы банкте" шот ашып, қаржы жинадым. Бастапқы жарнаға жетер сома жиналғанда ипотеканы онлайн ресімдедім. Сөйтіп, маркетплейстегі менеджерлер көмегіне жүгіндім. Олар әр сатыда кеңес беріп, жөн сілтеді. Нәтижесінде үш-ақ күннің ішінде жаңа пәтерді ресімдедік. Банкке құжат апарып, келісімшартқа қол қою кезінде ғана бардым. Жұмыстан сұранып, кептелісте тұрып, кезек күтудің еш қажеті болмады. Жұмыс орнымда отырып-ақ шаруамды атқардым. Онлайн ипотека – жеңіл, тиімді әрі оңай", – дейді Жанар Тұрсыналықызы. 

Онлайн алу – оңай

Иә, соңғы жылдары клиенттер онлайн ипотеканың рахатын көріп жүр. Үйден, жұмыстан шықпай-ақ пәтер алуына барлық мүмкіндік бар. Жыл сайын осы тетікті таңдайтын тұтынушылар қатары артып келеді. Сандарды сөйлетер болсақ, 2022 жылы онлайн-несиелердің қарапайым ипотекаға қарағандағы үлесі 2,6% болса, 2023 жылы бұл көрсеткіш 4,4%, 2024 жылы 7,3%-ды құрады. Ал биылдың өзінде 12,4 % ға жетті.

"Отбасы банк" АҚ қашықтан қызмет көрсету департаменті қашықтан несиелеу басқармасының басшысы Айжан Манапованың айтуынша, бағдарлама басталған уақыттан күні бүгінге дейін 14 234 онлайн несие берілді. Пайыздық мөлшерлемесі небәрі 3,5% (ЖТСМ 3,6%-дан 4,4%-ға дейін) басталатын ипотеканы онлайн ресімдеу мүмкіндігін қазақстандықтардың басым бөлігі оң бағалап отыр. 

Онлайн-ипотека алу үшін Baspana market (otbasybank.kz) порталындағы немесе "Отбасы банк" сайтындағы (otbasybank.kz) "Ипотека рәсімдеу" батырмасын басып, бейнеқоңырау шалса жеткілікті. Сол сәтте-ақ алдын ала есептеу жүргізіп, алдын ала мақұлдаудан өтуге болады. Кейін клиент өзі қалаған пәтерін тауып, оған бағалау жүргізеді. Ол дайын болған тұста операторға бейнеқоңырау шалу қажет. Банк маманы өз кезегінде несиеге өтініш беруге көмектесіп, клиенттің мәртебесі туралы хабар береді. Егер банк өтінішті мақұлдаса, оператор сату-сатып алу келісімшартын жасау үшін нотаруис қызметіне қолайлы уақытты броньдап береді. Бұл жағдайда клиент банкке жолығуы қажет. Банк келісімшарттарын әзірлеу үшін тиісті құжаттарды ұсынады. Келісімшарт, кепілге қояр мүлік келісімшарты дайын болған кезде оған электрондық-цифрлық қолтаңба арқылы онлайн қол қоюға болады. Бұл ретте тіркелу 15 минут уақытты ғана алады. Сақтандыруды ресімдеп, несиені өтеу кестесіне қол қояр кезде клиент тағы бір мәрте банкке келеді. Осылайша, үй алу үшін банк филиалына екі рет барса жеткілікті. Салыстырмалы түрде қарасақ, екінші деңгейлі өзге банктерге адам ипотека алу үшін орта есеппен 9 рет барады. 

Ескеретін жайт, кей кездері өтініш берушінің табысы ипотека ресімдеуге жетпей жатады. Мұндай жағдайда қосымша несие алушыны тартуға болады. Оған да банкке барудың керегі жоқ. Еліміздің кез келген қаласынан онлайн бейнеқоңырауға қосылып, менеджермен тілдесіп, қажет құжаттарды ұсынса болғаны. 

Жартысынан астамын алады 

Бүгінде "Отбасы банк" АҚ-ның отандық ипотека саласындағы үлесі 52%. Банк экономикалық белсенді халықтың 31,2%-ына қызмет көрсетеді. Екінші деңгейлі банктер арасында активтер бойынша – бесінші орында. Мамыр айындағы соңғы деректерге сәйкес, 3,5 трлн теңге болатын несиелік портфелімен жеке капиталдар көрсеткіші бойынша төртінші орында тұр. Жыл басынан бері банк өнімдері арқылы 30 681 қазақстандық отбасы ипотека ресімдеп, қоныс тойын тойлады. 

Оған қоса, келешекте үй алу үшін банкте шот ашып, тұрақты түрде салым жасайтын азаматтар көп. Бүгінде "Отбасы банк" есебінде 3 миллионнан астам шот бар. Олар да алдағы уақытта Baspana market (otbasybank.kz) маркетплейсі арқылы үй таңдап, онлайн-ипотека рәсімдей алады. Бұл порталда пәтерді де, оны салатын құрылыс компаниясын да таңдауға мүмкіндік бар. Ондағы пәтер салып жатқан құрылыс компанияларының Қазақстанның тұрғын үй компаниясынан алған кепілдіктері бар.

Бұл ретте банк өкілдері цифрлық қызметтер қарапайым қарым-қатынасты ығыстырмауы керек екенін де жақсы түсінеді. 

"Баспана алу үшін несие ресімдеу маңызды қадам деп білеміз. Сондықтан клиенттерімізге ерекше қолдау мен маманның әр кезең барысындағы кеңесі керек. Бастысы, адамгершілік қасиеттерді сақтау қалу" - дейді банк мамандары. 

Өз кезегінде банк клиеттері де қызмет көрсету сапасын жоғары бағалап, мамандардың жұмысына ризашылығын білдіріп жатады. Бұл – банкке берілген басты баға. Ал оның нәтижесі – баспаналы болған мыңдаған отбасы. 

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 23 Маусым, 2025 18:51
Талқылау