Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Отар әскери бөліміндегі сарбаздың комаға түсуі: Рота командирі үш жылға бас бостандығынан айырылды

2024 жылдың маусымында Отардағы әскери бөлімде комаға түскен қостанайлық сарбаз Нұржігіт Әбділпатта ісі бойынша сот үкімі шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Видеодан скрин

Алматы гарнизонының әскери сотында мерзімді әскери қызмет кезінде комаға түскен Нұржігіт Әбділпатта ісі бойынша сот процесі аяқталды. Сарбаздың кома түсуіне күдікті ретінде кіші сержант Дастан Тұрлан айыпталған еді. Ол Нұржігітті сапта тұрған кезде тамаққа арналған дәріні қабылдағаны үшін ішінен ұрған.


"Өкпемнен ұрды": Отарда соққыға жығылып, 20 күндей комада жатқан сарбаз сержанттан қалай таяқ жегенін айтып берді (видео)


Әскери сот Дастан Тұрланды кінәлі деп танып, үш жылға бас бостандығынан айырды.

Сонымен қатар моральдық және материалдық шығынды өндіру туралы талап арызды ішінара қанағаттандырды. Бір ай ішінде сотталушы Тұрлан жәбірленуші тараптың отбасына 2,4 миллион теңге өтемақы төлеуі тиіс.

Анасының айтуынша, cарбазды 8 маусымда Қордайдағы ауруханаға әскерилер алып келген. Оған пневмония диагнозы қойылған. Ал Қорғаныс министрлігі әскери қызметкердің бастапқыда медицина орталығына жалпы әлсіздік және дене қызуының көтерілу шағымдарымен жүгінгенін хабарлады.

24 маусымда әскери қызметкер комадан шықты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл істі жан-жақты тексеруді тапсырды. Кейіннен Қорғаныс министрлігі 19 жастағы сарбазға жасалған зорлық-зомбылық фактісін растаған еді. Бұл факті бойынша сержантқа қатысты тергеу басталған. Ол "қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланған". 

Талқылау