Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Отандық арнада бизнестің қыр-сырын үйрететін жаңа реалити-шоу басталмақ

«QAZAQSTAN» Ұлттық арнасында «Үміткер» атты жаңа реалити-шоу эфирге жол тартпақ, деп хабарлады арнадағы стратегиялық маркетинг департаменті. Жаңа жобаның тізгінін танымал қазақстандық кәсіпкер Қуаныш Шонабай ұстамақ.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Қазіргі жастар ақша мен таныссыз жеке бизнесті дамыту және табысты жандар қатарына қосылу мүмкін емес деп санайды. Алайда Қуаныш Шонабай бұл пікірді теріске шығармақ ниетте. Атап өтетін жайт, бұл отандық телеарнадағы осындай масштабтағы алғашқы жоба.

Реалити-шоуға қатысу үшін қазірдің өзінде 10 мыңға жуық жан өтініш білдірген. Олардың ішінен 100 адам іріктеліп, эфирге шақырылды.

Қатысушылардың пікіріне сүйенсек, бұл жоба жекелеген адамдардың қабілетін іске асыруға мүмкіндік береді. Жоба барысында Қуаныш Шонабай жеке бизнесті ашу және дамыту бойынша жеке тәжірибесімен бөлісіп отырмақ.

Айта кетерлігі, реалити-шоу жеңімпазы 5 миллион теңге көлемінде сыйақыға ие болып, Қуаныш Шонабайдың компаниясында топ-менеджер қызметіне орналаса алады.

Жобаның басты мақсаты – бизнес әлемінде табысқа жеткісі келетін жандарға мотивация беру, қатысушылардың кәсіпкерлік қабілетін ашу.

Жоба 15 аптаға созылады және реалити-шоу түрінде өтеді. Онда қатысушылар нағыз маркетингтік міндеттерді орындап, әлеуметтік акцияларды орындайды. Отандық ірі компанияларда бақтарын сынап көреді. Үміткерлерді бизнес әлемінің кәсіби мамандары, сарапшылар мен кеңесшілер бағалайтын болады.

Жіберіп алмаңыз:

Оралда кондуктор 10 теңге үшін оқушыны аялдамадан түсірмей қойған

Қостанайлық полицейлер 10 жасар баланы анасының рұқсатынсыз көлікке отырғызып әкеткен

Алматыда күйеуімен ажырасқан әйел екі айдан бері балаларымен далада түнеп жүр

Атырауда әйелдер колониясы басшысының орынбасары парамен ұсталды

Талқылау