Отандық шоу-бизнес өкілдері Болливудтың 100 жылдығына шақырту алды
Халық әртісі Мақпал Жүнісова өзінің Instagram-дағы парақшасында Болливудтың 100 жылдығына орай шақырту алғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Біз Болливудтың 100 жылдығына шақырту алдық. Сол жаққа барып ән айтамыз. Біздің қазақ киносынан “Қыз Жібек” фильмі көрсетіледі. Асанәлі ағам мен Меруерт апамыз барады. Мерей – аудармашы. Бізді үкіметтен жіберіп жатқан жоқ, арнайы Болливудтан шақырту алдық. Алла жолымызды берсін”, – дейді Мақпал Жүнісова.
Әншінің оқырмандары сәттілік тілеп, жылы лебіздерін білдірді.
“Алла жар болсын! Аман есен барып қайтыңыздар”, “Жақсы жаңалық екен”, Әп бәрекелді, Алла жолдарыңызды оң қылсын!”, “Қазақ өнерін әлем бағалай бастады”, “Құтты болсын”, – деп жазды желідегілер.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген