Отандық мұнай базалары дизель отынын бөлшек сауда құнынан жоғары бағаға сатқан
Қазақстанның мұнай базалары дизель отынын бөлшек сауда құнынан жоғары бағаға сатып келген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде премьер-министрдің баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Отандық мұнай базалары дизель отынын бөлшек сауда құнынан жоғары бағамен сатқан, бұл өңірлерде отын сату көлемінің қысқаруына әкелді, өйткені оны сатып алу жанармай бекеттері үшін тиімсіз болды", - делінген сәрсенбі күні тараған ақпаратта.
Комиссия елімізде маңызды орын алып отырған жанармайдың жетіспеушілігіне әсер еткен басқа да факторларды анықтаған.
- Еліміздегі жанармай құю бекеттеріндегі заң бұзушылықтар туралы қайда хабарлауға болады – Сall-орталық нөмірлері жарияланды
- Дизель отынын сатып алу кезінде қазақстандықтардың деректері тексеріледі – Министр
"Мәселен, негізгі себептердің бірі отын тұтынудың айтарлықтай өсуі болып отыр, бірінші кезекте шетелдік транзиттік көлік отынды көп тұтынады. Екінші себеп – бағаның айтарлықтай айырмашылығына байланысты Қазақстаннан көршілес елдерге дизель отынының жіберілуі.Мысалы, Қазақстанда дизельдің бір литрі – 230-260 теңге, ал Өзбекстан, Қырғызстан және Ресейдегі жанармай бекеттеріндегі баға 440 теңгеге дейін жетеді", - деп түсіндірді министрлер кабинеті.
Сонымен қатар бұл мәселе – Үкіметтің ерекше бақылауында және қыркүйек айының басында жағдай тұрақталады деп күтілуде.
Айта кетейік, “ҚазМұнайГаз” ҰК АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев пен Энергетика вице-министрі Әсет Мағауовқа дизель отынымен уақытылы қамтамасыз етпегені үшін қатаң сөгіс алған еді.