Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Отандық әнші Қайрат Түнтеков әке атанды

Қазақстандық әнші Қайрат Түнтеков әке атанды. Бұл туралы оның досы әрі әріптесі Бағлан Жолдасов айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"27 қазанға қараған түні менің досым, нағыз талан иесі Қайрат Түнтеков әке атанды. Ол қызды болды. Денсаулығы мықты, білімді, тәрбиелі болып өссін", - деді Жолдасов Instagram парақшасында.

Қайрат Түнтеков 1986 жылы 14 ақпанда дүниеге келген. Ол Шымкент қаласының тумасы. 2004-2005 жылдары  SuperStar KZ музыкалық жобасына қатысып, екінші маусымында жеңімпаз атанғанған кейін танымал болды.



2013 жылы әнші 40 тәулікке әкімшілік қамауға алынған. Ол көлік жүргізу куәлігінсіз және сенімхатсыз көлік тізгіндегені үшін жауапкершілікке тартылды деп хабарланған еді. 

Осы жағдайдан кейін ол ұзақ уақыт бойы сахнаға шықпай кеткен. Қазіргі уақытта әнші Qazaqstan телеарнасындағы "Егіз лебіз" жобасына қатысып, өзінің музыкалық мансабын жалғастыруда.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

СҮЙІНШІ! СҮЙІНШІ! СҮЙІНШІ! Қазан айының 27-не қараған түні, яғни бүгін 1 ғасырда бір туатын, шын талант - @tuntekov_k досым әке атанды. Қызды болды.👨‍👩‍👧 Кайронииии, кішкентайыңның бауы берік болсын! Иманды, ақылды, білімді, тәрбиелі, талантты қыз болып өсуін Аллаһ нәсіп етсін! Артынан ере берсін! Қуаныштымын! 😊🎂🎈🎈🎈🎉🎊 #КайратТунтеков

Публикация от 𝙕𝙝𝙤𝙡𝙙𝙖𝙨𝙤𝙫 𝘽𝙖𝙜𝙡𝙖𝙣 𝘽𝙤𝙡𝙖𝙩𝙗𝙚𝙠𝙪𝙡𝙞 (@baglan_zholdasov)

 

 

Талқылау