Ота жасатқан қазақ жігіті қауіпті инфекция жұқтырып хәл үстінде жатыр
Монғолиядағы қазақ жігіті хәл үстінде жатыр. Ол баспа дертіне қарсы ота жасатқан уақытта инфекция жұқтырған.
“Барлық Бай-Өлкелік ағайындар!!! Бауырымыз Жомарт ұлы Ғабдурахим Улаанбаатар қаласындағы ауруханада жаны қал үстінде жатыр. 2017.01.13 күні аймағымыздың ауруханасда ангинасын алдыру барысында инфекция (халдвар) жұқтырып, Улаанбаатарға жіберілген. Қазіргі таңда алынған инфекция зардабынан денесі және қанының 90% -ға жуығы іріңге айланып отыр. Екі рет іріңнен тазарту операциясы жасалғанымен алынған инфекцияның асқынуы зардабынан кеңірдегіне жара пайда болып, кеңірдегін кесіп жалғау операциясын жасауға мәжбүр болған.
Бірақ операциядан кейін кеңірдегі қайта жіңішкеріп, 4-операциясы T-тәрізді түтік ( Т хэлбэртэй гуурс) салдырған, өкінішке орай әлі сәтсіз шығуда. Қазір жасанды түтікше арқылы жанына араша болып отырмыз. Біздің ең соңғы мүмкіндігіміз «Стент» (титэм судасны систем) аспабын орнату. Заманауи бұл аспап орнату үшін барлық Бай-Өлкелік азаттардан қаржылай көмек сұрап отырмыз. Мейлі аз болсын көп болсын жұдырықтай жұмылып, осынау небәрі 18 жастағы Ғабдурахим бауырымыздың жанына бірігіп араша түсулеріңізді сұраймыз! Алла сіздерге разы болсын!!!”, – деп жазады науқастың жақындары желіде.
Тағы да оқыңыз:
Ағзаны күрішпен тазалау көптеген аурудан айықтырады
Бауырды тазартудың қарапайым әдістері
Елімізде несие алушылар банктен комиссия шығындарын өтеп алып жатыр