"Ота жасалмады": Есікте зорланған төрт жасар қыздың жағдайын дәрігерлер айтып берді
Алматы облысында педофилдің құрбаны болған төрт жастағы өрімдей қыздың беті бері қарады. Қыздың жағдайы туралы дәрігерлер айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап.
Дәрігерлер әбден шошынып қалған бүлдіршінге тиісті медициналық көмек көрсетілгенін жеткізді. Қазір кішкентай қызбен психологтар жұмыс істеуде.
Дәрігерлер бүлдіршіннің денесінде көгерген іздер болғанын жасырмайды. Сондықтан ақ халаттылар қатты шошыған бала мен оның анасы ұдайы психологтың бақылауында болатынын айтады.
“Ота жасалмады. Гинеколог пен хирург көріп, тиісті медициналық көмек көрсетті. Денесінде көгерген жерлері болды”, – дейді Еңбекшіқазақ орталық аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Мұрат Сиезбаев.
Қазір қыздың жағдайы тұрақты. Өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ. Бөлімшеде анасымен бірге жатыр. Біздің психологтар да жұмысын атқарып жатыр. Қыз шок алған. Одан айығуға ұзақ уақыт керек. Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалып, "Қыз зорлау" бабымен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.
Еске салсақ, осыған дейін Алматы облысының Есік қаласында 4 жасар қыз зорлық көрді. Болжам бойынша істі бүлдіршіннің анасының бауырлары жасаған.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
