Өскемендік мүгедек қыздың өнері мен өмірге құштарлығы жұртты таңғалдырды
Өскемендік мүгедек қыздың өмірге деген құштарлығы көпшілікті таңғалдырды. Оның өнері мен таланты өскемендіктерді ғана емес бүкіл қазақстандықтарды тәнті етіп келеді.
Бұл туралы yk-news.kz жазды, деп хабарлайды Stan.kz
“Эхо” музыкалық клубының концертін тұрақты көретіндер мүгедек арбасындағы Таня Калабухованы жақсы таниды. Ол сыңғырлаған үнімен тыңдарманның жүрегінен орын алып үлгерді.
Таня туғаннан бері мүгедектік күйін кешіп келеді. Қазір жүре алмайды. Сонымен қатар, туа бітті көру қабілеті де нашар. 1 жасқа келгенде дәрігерлер оған балалардың церебральды сал ауруы диагнозын қойды. Оған 5 хирургиялық ота жасалды. Таня 2009 жылдан бері арбаға таңылған.
Танияның өмірі күреске толы. Дегенмен ол күш, қуатты әннен алады. Әнмен өмір сүреді. Баланың ән айтуға деген қабілетін ата-анасы ертерек білген.
Таняның алғаш айтқан әні анасының әлі есінде екен.
«“Помоги мне! Помоги мне!” деп біреудің ән айтқанын естіп, жүгіріп барсақ. Ол «Бриллиантовой руки» әнін шырқап отыр екен», – дейді Ирина Калабухова.
Оның мектептегі вокалдан сабақ беретін ұстазы да Таняның талантын жоғары бағалайтынын айтты.
Ол 7 жасында Астанадағы ұлттық балаларды оңалу орталығында жаттым. Қазір оның жасы 16 –да.
Оңалту орталығында ол жеке концертін берді. 2014 жылы президент күніне арнаалған концертке шақырту алды. Концертте ол өзімен қатар және кәсіби әншілермен өнер көрсетті.
Таня «сахнаға шығар аалдында толқу болам ма» деген сұраққа жауап берді.
«Кім толқымайды? Өз-өзімді тынышталдыруға тырысамын, бірақ бәрі-бір мазасызданамын. Осыдан арылу керек», – деді ол.
Таня Калабухованың барлық қызығушылығы өнермен байланысты. Ол театрды қатты жақсы көреді. Ол үшін ең керемет сыйлық – жаңа қойылым.
«Менің көп жерлерге баруға мүмкіндігім жоқ. Сондықтан жазбаларды тыңдап, ән айтамын. Ән менің дұрыс тыныс алуыма көмектестеді», – дейді Таня.
Таня “Эхо” клубымен бірге өзге қалаларға барып концерт қойғанды ұнатады.
Тағы оқыңыз:
Алматыда 23 жастағы бойжеткенді таныс жігіті алдап жалдамалы пәтерге апарып зорлаған
ШҚО-да жүктілігін отбасынан жасырған әйел баласын даладан тауып алдым деп әкелген
Шымкент тұрғыны үш полицейдің өзін ұрып-соғып ауруханадан бір-ақ шығарғанын айтты