Алматыда 23 жастағы бойжеткенді таныс жігіті алдап жалдамалы пәтерге апарып зорлаған

Алматыда 23 жастағы бойжеткенді таныс жігіті алдап жалдамалы пәтерге апарып зорлап тастаған. Ал оның жанында болған екі досы зардап шегушіні ұрып-соққан.

Соның салдарынан қыздың миы шайқалып, мұрны сынған. Алайда, әбден қорқып қалған ол болған жайтты бірден туыстарына айтпапты. Бәрі белгілі болған кезде іске жақындары араласқан. Анасы тергеушілер күдіктіні ұстауға аса құлшынып отырған жоқ дейді. Неге? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

«Ештеңе айт алмадым қорықтым. Мазам да болмады» – дейді

Көз жасы көл болған Индира Байәділованы қаңтардың 29 күні таныс жігіті анасынан киноға барамыз деп сұрап алып кетіпті. Ал кейін ағаммен таныстырамын деп алдап, жалдамалы пәтерге алып барған. Онда ішімдікке сылқия тойып алған екі досы күтіп отырыпты. Олар бойжеткенге тиісіп, тіпті бірі соққыға жығыпты. Соққының қатты болғаны соншақылық, есінен танып қалған. Пәтерде қамап ұстап, дегенімізге көнбесең бұл жерден шықпайсың деген танысы бір өзі арам ойын жүзеге асырған.

«Рүстем біраз сағаттан кейін шығарып тастады. Шығарып, дос баласының үйіне апарды. Мені алдады. Құлап түстім деп айта сал. Қорықтым мен, мамама да жүрегін ауыртып қоям ба деп. Мамама ештеме айтпадым да» – дейді жәбірленуші Индира Байәділова.

Бет-ауызы көк ала қойдай болған Индира болған жайтты туыстарынан жасырған. Себебі, анасының жүрегі ауыратындықтан, салмақ салғысы келмепті. Үйіне келген бетте жағдайы нашарлағандықтан, жедел жәрдем шақыртқан. Бас миы шайқалып, мұрны сынғандықтан бір айға жуық ауруханада жатқан. Тек өзіне келгеннен кейін ғана әпкесіне зорланғанын айтыпты. Полицияға соққыға жығылғаны туралы ғана шағым түсірген. Анасы тәртіп сақшыларына күдіктілердің телефон нөмірі, тіпті жеке куәлігінің көшірмесіне дейін тауып бердік дейді.

«Баланы тапсын, жазасын алсын. Басқа ешнәрсе демеймін. Мен қалай қиналсам, солай қиналсын. Тергеушілерге телефонын тауып бердім, олар ешқандай іздеген жоқ, телефондарын бердім» – дейді Индираның анасы Гүлнәр Төлендиева.

Тергеушіні орнынан таба алмаған туыстары тек телефон арқылы ғана хабарласып келген. Барлық мәліметтер қолдарында бола тұра, іздемей отыр деп ашынуда. Сөздеріне дәлел болу үшін Индираның әпкесі Сымбат Тұрғанбаева тергеушімен сөйлескен сөзінің таспаға жазылған нұсқасын ұсынды.

«Уже удостоверениесіне дейін бердік. Барлығы түгел ғой, ана бала 1988-ші жылғы, Ардақ деген. Мен білем ғой, Ардақтың ұрғанын. Ол Ардақ деген қазір Алматы қаласында жоқ. Оперлар үйіне барды, кеше де барды. Күтті, қонды, аңдыды, жоқ. Сіздерді вообще түсінбей жатырмын. Прокуратураға жазу керек пе? Жазыңыз, жазыңыз! Прокуратура іздемейді, Сіздерге тауып бермейді».

Бұл Индираның әпкесі Сымбат Тұрғанбаеваның тергеушімен сөйлескен сөзі.

Анасының қолқа салуымен Индира зорланғаны туралы полицияға шағым түсірді. Бұл іске қатысты Ішкі істер органдарынан ресми жауап алу мүмкін болмады. Дегенмен, күдіктілердің кім екені анықталып, оларға іздеу жарияланыпты. Жалпы елімізде 1998 жылдан бері зорлық-зомбылық фактісіне қатысты сотқа тек 25 іс қана жеткенімен бірде-бірі бас бостандығынан айрылмаған. Көбіне қыз-келіншектер жәбір көргенін дәлелдеу қиын болғандықтан жариялай бермейтін көрінеді. Бүгіннен бастап дағдарыс орталықтары одағы “150” сенім телефонын іске қосты. Теперіш көргендер осында хабарласып, құқықтық кеңес ала алады. Ал өмірін тас-талқаны шыққан Индира күдіктілер тиісті жазасын алады деп үміттенеді.

Тағы оқыңыз:

ШҚО-да жүктілігін отбасынан жасырған әйел баласын даладан тауып алдым деп әкелген

ОҚО-да балалар үйінде өскен жігіт тауып алған 6 млн теңгесін иесіне қайтарған

Атыраулық дәрігерлер неліктен шие иісті мүшеқапқа тапсырыс бергендерін түсіндірді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
24.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар