Өскеменде төрт жасар бүлдіршін темір қалыптың ішіне кіріп, қысылып қалған (видео)
Өскеменде құтқарушылар темір қалыпқа қысылып қалған баланы құтқарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
видеодан скриншот
Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, балалар жер үйде жалғыз қалған, 2018 жылғы бала аулада ойнап жүріп, темір қалыптың ішіне кіріп, шыға алмай қалған.
Оның айқайын естіген әпкесі дереу 112-ге хабарласқан.
"Оқиға орнына келген Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағының қызметкерлері алдымен баланы абайлап шығаруға әрекеттенді, бірақ оның аяғы қысылып қалған екен. Арнайы құралдардың көмегімен мамандар қалыпты кесіп, баланы алып шықты", – деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
- Алматы облысында он жастағы бала картингке мерт болды
- Селфи жасамақ болған: Павлодар облысында жас қыз вагон үстіне шығамын деп тоққа түсті
Қазір бүлдіршіннің жағдайы жақсы, ол медициналық көмекке мұқтаж емес.
"Мұндай құтқару жұмыстары жиі болып тұрады. Ата-анасы оларды бір минутқа болса да қараусыз қалдыру қаншалықты қауіпті екенін жете түсінбеген кезде төтенше жағдайға тап болады", – дейді ШҚО ТЖД аға нұсқаушы-құтқарушысы Арнат Қасенов.
Еске салсақ, ұқсас жағдай осыған дейін Түркістан облысында болған. Ата-анасының қарауынсыз қалған екі жасар бала суару каналына түсіп, құбырға қысылып қалған. Құтқарушылар баланы аман-есен шығарып алған.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
