Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде ит пен мысық асыраған кейуананың есігін көршілері ашуланып бекітіп тастаған

Өскеменде ит пен мысық асыраған кейуананың есігін көршілері ашуланып бекітіп тастапты. Мұндай қадамға баруға мәжбүр болдық деген тұрғындар, түнде ұйқыдан күндіз күлкіден айырылғандарын айтып ашынып отыр. Ел құрт-құмырысқа қаптап, санитарлық тазалықтың да сақталмай бара жатқанынан қауіптенеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "31" арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

5 қабатты пәтердің кіреберісінде есік болған. Бірақ қазір ол жоқ, өйткені көршілер қабырғаны қалап, бояп тастаған. Мұндай әрекетке баруына иттің үргені мен мысықтың мияулағаны себеп болған. Тұрғындар тыныштығы бұзылғанына шағымдануда. Айтуларынша, жануарларды асырайтын көршілеріне талай рет ескерту жасаған. Алайда ол ешкімнің сөзін ескермеген соң, тұрғындар осылай жауап қайтарған.

"Таңғы 5-те тұрып алып, иттерімен қоқысқа барады. Тыныштық жоқ. Тазалық жағын айтпағанда, түн ортасында иттері үріп, ұйқы бермейді. Әбден мазаны алды", - деді Өскемен қаласының тұрғыны Галина Кугатова.

Ит асыраған кейуана үйдің кіреберісіне бармағанына да 5 жылдай болыпты. Талай рет иттерімді де атып кетті деп уайымдаған ол ит,  мысығын далада қалдырғысы келмейді.

"Менен иттерді алып кетеміз деп уәде берген. Ол мен үшін өте маңызды. Иттерді алып кеткен соң тыныштық болады. Өзіме екі итті алып қаламын, бермеймін. Иттер кеткен соң пәтерімді тазалап, реттеймін", - деді  Өскемен қаласының тұрғыны Виктолина Галенко.

Тұрғындар тыныштықтан бөлек тазалықтың жайын да айтып ашынды. Ал жануарларды асырайтын Виктолина Галенко ай сайын алатын зейнетақысын тиынына дейін осы иттерге жұмсайтынын айтты. 

STAN.KZ
Сейсенбі, 06 Қазан, 2020 09:13
Талқылау