Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде балалардың көмегімен есірткі таратқан әйелдер ұсталды

Өскемен қаласының полицейлері "синтектика" таратып жүрген қала қонақтарын қолға түсірді. Петропавлдық екі әпкелі-сіңлілерден құны 11 миллион теңгеден асатын 2 мыңнан астам бір реттік дозалар тәркіленді. Алайда ең сорақысы – олар есірткіні тарату үшін өздерімен бірге бір әйелдің баласын алып келген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "КТК" арнасына сілтеме жасап.

Қолға түскендердің жасы 18 бен 25 жастың аралығында. Өскеменде әйелдер баспана жалдап, "жылдамдық" және "меф" деп аталатын психотроптық заттарды тарату арқылы ақша тапқан. Олар есірткілерді қала ішіндегі құпия жерлерде жасырып, алушылармен Telegram мессенджері арқылы байланыс орнатқан. Сатушылардың ең үлкені – балалары бар жалғызбасты ана: ұлдары алты және сегіз жаста. Әйел қалаға маусым айында келіп қылмыстық кәсібін ретке қойған, кейінірек оған әпкесі көмекке келеді. Қазіргі уақытта балалары туыстарына тапсырылған, анасы қамауға алынып, ал сіңлісі сенімхат бойынша босатылған.

"Тәркіленген заңсыз синтетикалық есірткінің жалпы салмағы шамамен 700 граммды құрады. Күдіктілерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296 және 297-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның шешімі бойынша 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған" , – дейді Шығыс Қазақстан облысы есірткі қылмысымен күрес басқармасының бастығы Нариман Кулдиков. 

Ақберен Амангелді
Сәрсенбі, 25 Тамыз, 2021 10:07
Талқылау