Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде алимент бойынша сот орындаушысы ажырасқан 52 жұпты қайта қосқан

Өскеменде алимент төлеу бойынша сот орындаушысы ажыраспақ болған жұптарды қосып келеді. Жанар Мәдинова қазірге дейін 50 еркекті отбасына қайтарған.

6565

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Қазіргі таңда кейбір ер адамдар тіпті өздері Жанардың кеңесін алуға асығатын болған.

Максим Горбатов сот орындаушыға ерекше өтінішпен келіпті: Ол өз келіншегімен татуласуды қалайды. Ол ажырасып кеткендеріне 7 жыл болып кеткендеріне қарамастан, күтпеген жерден бұрынғы әйеліне ғашық болған. Ақыры, Жанармен кеңесуді жөн деп тауыпты. 11 жастағы ұлы анасымен бірге тұрып жатқан көрінеді.

“Қазір кездесіп жүрміз, бәрі жақсы. Бала әсіресе қуанышты”, – дейді Максим Горбатов.

Жанар Мадинова Максимге романтикалық кездесу ұйымдастыруға көмектескен. Сірә, сот орындаушы мұндай өтініштерге қалыпты жағдай ретінде қарап үйреніп кеткен тәрізді. Бірнеше айдың ішінде ол 52 отбасыны қайта қосқан. Жанар өзі әлі тұрмысқа шықпағанына қарамастан, отбасы құндылығының басты нәрсе екенін жақсы түсінеді.

“Ол қоңырау шалып, баламен кездесуі үшін бірінші болып қадам жасауды ұсынамын. Қазір электронды түрде смс жаза береді. Алайда кәдімгі хат бәрібір романтикалық тұрғыдан әсерлі”, – дейді ШҚО алимент және айыппұл өндіру кеңсесінің сот орындаушысы Жанар Мадинова.

Жанар бұған дейін мемлекеттік қызметтің басқа саласында жұмыс істеген. Оның алдағы атқарар жұмыстары да орасан. Қазіргі кезде Шығыс Қазақстан бойынша сот орындаушылардың қарауында үш мыңнан астам алимент туралы іс жатыр.

Оқи отырыңыз:

Қызылорда облысында “Алла” және “Мұхаммед” деген жазуы бар қозы туды

Алматы тұрғыны балаларды өлімге итермелеген “Синий кит” тобының жетекшісін ұстап берді

Қазақстандық әйел өзін асқан хайуандықпен зорлаған қожайыны туралы айтып берді

Әкесіне өкпелеген 43 жастағы әйел әлі тұрмысқа шыққысы келмей жүр

Талқылау