Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскемен тұрғыны өз әйеліне сыйлау үшін бөгде әйелдің тоны мен телефонын тартып алған

Облыс орталығында ер адам кездейсоқ жүргіншіге шабуыл жасаған. Ол әйелдің қалың тонын шешіп алып, қымбат телефонында тартып алыпты. Ол өз әйеліне осылайша сыйлық жасамақшы болған.

2017022310243954913_norkovaya-shuba-s-chem-nosit-02

Бұл туралы Өскемен Жаңалықтары хабарлайды.

Айыпталушы сол күні әйелімен бірге кафеде болған. Ол отбасылық жағдайға байланысты өз кінәсін жуып-шаю үшін кешкі отырысты ұйымдастырған екен. Ал шыға берісте ол керемет тон киген әйелді көріп қалады. Сосын ер адам әйеліне аз уақыт күте тұруын өтініп кетіп қалады.

Бейтаныс әйелдің ізіне түскен еркек, ол қараңғы жерге кірген сәтте мойнына пышақ тақап қорқытады. Ол әйелден тонын шешуді талап етеді. Әйел оның барлық талабын орындайды. Сосын ұрланған заттарды жерге көміп кетеді. Ал келесі күні келіп өзінің “қазынасын” қайта қазып алған.

Үйіне келіп, қымбат заттарды әйеліне сыйлайды. Қайдан алдың деген сауалға бөліп төлеуге келісіп сатып алдым дейді. Келесі күні ер адам отбасымен бірге қаладағы кафелердің біріне келіп отырады. Оны сол жерден тәртіп сақшылары қолға түсіріп, ұрланған заттың бәрін тартып алған.

Сотта ер адамның үйіндегі жұмыс істейтін жалғыз адам екені анықталды. Жасаған қылмысы үшін оған сот 5 жарым жылға үкім кесті.

Оқи отырыңыз:

ОҚО-да жас жұбайлар алғашқы түндерін далада өткізді

Алматы облысында жантүршігерлік апатқа түскен жүргізуші тілге келді

Қарағандыда саңырау анасы 2 жасар қызының ыстық суға құлап кетіп көз жұмғанын байқамаған

Павлодарда балаларды құтқарып қалған полицейлердің ерлігіне күмән келтірілді

Талқылау