Өскемен қаласында бір ай бұрын із-түссіз жоғалып кеткен қыз өлі табылды
Өскемен қаласының тұрғыны 19 жастағы Әнел Ерік 12 қараша күні таңертең Металлург саябағы аумағындағы үйінен шығып, қайта оралмаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сол күні анасы полицияға қызының жоғалғаны туралы хабарлаған. Еріктілер қыз туралы ақпаратты әлеуметтік желіде таратқан.
Полиция мәліметінше, бір ай бұрын жоғалған Әнел Ерік 13 желтоқсанда Өскемендегі Протозанова көшесінде Үлбі өзенінің жағасынан табылған.
“Қыздың денесінде көзге көрінетін жарақаттар болмады. Оқиғаның мән-жайы тергеумен анықталып, сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр”, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Ақтауда жоғалып кеткен 15 жастағы қыз Жаңаөзеннен табылғаны туралы жазған едік.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"