"Оскар" комитетінің шешімі сынға ілікті: Кино қауымдастығы әділ іріктеу жүргізуді сұрайды
Фото: pixabay.com
Қазақстан кинематографистер лигасы ресми түрде Америкалық киноакадемияның "Оскар" сыйлығына үміткерлерді іріктейтін қазақстандық комитетке, Кинематографистер одағына және Мәдениет және ақпарат министрлігіне 2026 жылы басты киножүлдеге ұсынылған режиссер Әділхан Ержановтың "Кадет" атты психологиялық қорқынышты фильміне қатысты шешімді қайта қарауын сұрап өтініш жолдады. Ұйым бұл өтінішін бірнеше себеппен түсіндірді: ең алдымен, шешімнің жабық жағдайда қабылдануы және оның ел беделіне төндіретін қауіп-қатері, сондай-ақ көрермен ықыласына ие болып, жоғары кассалық табыс жинаған әлдеқайда сәтті картиналардың болуы аталды.
Айдар Баталов жетекшілік ететін Кинематографистер лигасының басқармасының пікірінше, "Кадет" фильмі жалпы алғанда "Оскар" кинопремиясының талаптарына сәйкес келмейді.
"Халықаралық толықметражды фильм" санатында әдетте көркемдік құндылығы жоғары әрі кең көрермен қауымының қызығушылығын тудырған туындылар іріктеледі. Ал "Кадет" фильмі болса, кассалық түсімі өте төмен, кең аудитория тарапынан қызығушылық оятқан жоқ және ел ішінде пікірталас тудырып отыр", – делінген үндеуде.
"Кадет" фильміне қатысты әртүрлі платформаларда жарияланған рецензия мен көрермен пікірлерін талдағанда, туындыдағы әсерлі монологтар, көркем әрі көрнекі түсірілім, сондай-ақ актерлік құрамының сәтті таңдалғаны үшін оң баға берілген. Алайда сыншылар мен көрермендер фильмде аяқталмай қалған көптеген сюжет желілерінің барын, орынсыз боғауыз сөздердің жиі қолданылатынын, уытты патриархат көріністерін және өмір сүру үшін зорлық-зомбылық пен кісі өлтіруге үндеуге ұқсас деструктивті идеялардың кездесетінін атап өтеді.
Мұның барлығы билік өкілі санатындағы кейіпкерлердің сөзі мен әрекеті арқылы беріліп, көрерменде деректі фильм көріп отырғандай әсер қалыптастырады. Осыған байланысты "Кадет" фильміндегі көркемдік ойдан шығарылған элементтер шамамен 50% көлемінде деген түсінік өзінен-өзі туындайды. Бұл әскери тәртіптерге де, қоғамдағы өзгеше жандарға көрсетілетін қысым мәселесіне де қатысты болуы мүмкін. Мұның барлығы билік өкілі санатындағы кейіпкерлердің сөзі мен әрекеті арқылы беріліп, көрермен деректі фильм көріп отырғандай әсер қалыптастырады. Осыған байланысты "Кадет" фильміндегі көркемдік ойдан шығарылған элементтер шамамен 50% көлемінде деген тұжырым туындайды. Бұл әскердегі тәртіпке де, қоғамдағы өзгеше жандарға көрсетілетін қысым мәселесіне де қатысты.
Фестивальдерде көрсетілгеніне қарамастан, бұл картина ашық түрде деструктивті сипатқа ие және Қазақстанның – оның білім беру жүйесінің, армиясының және қоғамының жағымсыз бейнесін қалыптастырады. Мұндай ұстаным айтарлықтай беделдік тәуекелдер туғызады. Себебі халықаралық аренада фильм метафоралық туынды ретінде емес, шынайы өмірдің көрінісі ретінде қабылданады.
Ақырында, кинематографистер тарапынан ең беделді кино сыйлығында Қазақстан атынан ұсынылатын картинаны іріктеу рәсімінің өзіне де шағым білдірді.
“Комиссия құрамына қатысты да бірқатар маңызды сұрақтар туындап отыр: оған "Кадет" фильмінің бас операторы Еркінбек Птыралиевтің енгізілуі – мүдделер қақтығысының айқын көрінісі әрі іріктеу үдерісінің объективтілігіне деген сенімді әлсіретеді. Сонымен қатар, өтінім қабылдау туралы хабарландырудың тек Facebook әлеуметтік желісіндегі Қазақстан кинематографистер одағының (жазылушылар саны 1000-нан аз) парақшасында ғана жарияланғанына назар аударамыз. Соның салдарынан саладағы көптеген кәсіби мамандар байқау туралы мүлде хабарсыз қалған", – делінген Лига басқармасының ресми үндеуінде.
Еркінбек Птыралиевтің "Кадет" фильміне дауыс бермегені, яғни дауыс беруден бас тартқаны белгілі. Алайда бұл факт оның іріктеу комиссиясы құрамында болуына байланысты мүдделер қақтығысы мәселесін жоймайды. Сондай-ақ Айдар Баталовтың айтуынша, комиссия құрамында Лига кинематографистерінің атынан белгілі продюсер Серік Әбішев те болған. Ол режиссер Адильхан Ержановпен бірнеше фильм түсірген. Осыған байланысты "Кадетке" дауыс беру кезінде оның қалай әрекет еткені – дауыс бергені не берген жоқтығы – белгісіз.
Қазақстан кинематографистер одағының төрағасы Адай Әбелдинов "Кадет" фильмін "Оскар" сыйлығына ұсыну туралы шешімді өзі былай деп түсіндірді:
"2025 жылы Қазақстанның оскарлық комитеті сегіз фильмді қарастырды. Комитет мүшелерінің бірауыздан қолдауымен дәл осы "Кадет" фильмі Қазақстанның атынан ең лайықты фильм ретінде таңдалды – бұл еліміздің қазіргі кинематографиясының келбетін көрсететін, мазмұны терең әрі өзіндік ерекшелігі бар туынды. Енді келесі кезең – фильмді халықаралық деңгейде ілгерілету жұмыстары басталады" деді ол.
Айта кетейік, 2024 жылдың қазанынан бастап 2025 жылдың қыркүйегіне дейінгі аралықта қазақстандық кинематография көрерменге шамамен 70 туынды ұсынды. Алайда не себепті олардың тек сегізі ғана Оскар комитетінің қарауына ұсынылды? Бұл сұраққа Лига кинематографистерінің үндеуінде болжамды жауап берілген.
Қоғамдық бірлестік басшылығы өз мәлімдемесінде Оскар сыйлығының талаптарының бірі – кассалық табыс, яғни көрермен тарапынан жоғары қызығушылық болуы керектігін атап өтеді. Бұл ретте, шамамен 100 млн теңге жинаған "Кадет" фильміне қарағанда "Молда" мен "Қайтадан" фильмдері 1 млрд теңгеден астам қаражат жинаған.
"Қайтадан" фильмі жуырда ғана прокаттан алынғанымен, оның жетістігін Мәдениет және ақпарат министрі Айда Балаева атап өтті.
"Отандық прокатта үш апта қатарынан көш бастаған "Қайтадан" көркем фильмі 1 миллиард теңгеден астам қаржы жинағанын шын жүректен құттықтаймын! Бұл – мемлекет қаржысы есебінен түсірілген жобалар арасында өндіріс шығынын бес есе өтеген алғашқы фильм", – деп министрдің сөзін БАҚ келтіреді.
Бір қарағанда, Кинематографистер одағы мен лигасының арасында белгілі бір ішкі қайшылық бардай көрінуі мүмкін. Алайда, бұл шындыққа жанаспайды.
2025 жылғы тамыз айында аталған екі ұйым бірлесіп отандық киноиндустрияны қолдауға арналған баспасөз конференциясын өткізген болатын. Іс-шара барысында ұлттық кинопрокаттағы түйткілді мәселелер, Kinopark-Kinoplexx ірі кинотеатрлар желісінің монополиялық жағдайды теріс пайдалану фактілері, мемлекеттік қаржыландыруға ұсынылатын фильмдерді іріктеу барысындағы заңбұзушылықтар мен Шәкен Айманов атындағы ұлттық киностудияның активтерін заңсыз иеліктен шығару мәселелері көтерілді.
"Кадет" фильмі Kinopark-Kinoplexx Theatres кинотеатрлар желісінің негізінде 2021 жылы құрылған Tiger Films продюсерлік компаниясының өнімі. Кинематографистердің мәлімдеуінше, аталған желіге өз фильмдерін орналастыру үшін продюсерлерден алдын ала белгіленген қаржылық талаптар қойылады. Баспасөз конференциясы барысында бұл сома 20 миллион теңгеден жоғары болуы мүмкін екені айтылған. Осыған байланысты, Кинематографистер лигасы "Оскар" сыйлығына үміткер фильмді іріктеу барысы мен дауыс беру рәсімінің ашық еместігі аясында орынды сұрақ көтерді: еліміздегі Kinopark-Kinoplexx желісінің кинонарықтағы басым позициясы "Кадет" фильміне дауыс беруге әсер етті ме? Себебі, ірі прокат желісімен қарым-қатынасты бұзуға ешкім мүдделі емес, өйткені түптеп келгенде кез келген фильмнің прокатқа шығуы сол компаниямен байланысқа тәуелді.
Кинематографистер лигасының төрағасы Айдар Баталов "Оскар" сыйлығына үміткерді анықтау жөніндегі комиссия шешімінің қайта қаралуына қатысты жолдаған хатында режиссер Адильхан Ержановтың тағы бір табысты туындысына – "Дала қасқыры" фильмін атап өтті. Оның пікірінше, бұл туынды халықаралық фестивальдерге қатысу әлеуеті жоғары, көркемдік деңгейі мен мазмұны жағынан ел атынан әлемдік киножүлдеге ұсынылуға анағұрлым лайықты.
Сондай-ақ кинематографистер "Кадетке" балама ретінде Фархат Шариповтың "Эвакуация" драмасын қарастыруды ұсынады. Аталған туынды да халықаралық кинофестивальде көрсетіліп, жоғары бағаланған. Сонымен қатар, бұл фильм Қазақстандық "Оскар" комитеті дауыс берген сегіз үміткердің қатарында болған.
Алайда дауыс беру процесінің өзі – ашық сұрақ. Қоғамға ашық дереккөздерде комиссия мүшелерінің толық тізімі де, дауыс беру парақтары да жарияланбаған, сондықтан шешімнің әділетті түрде қабылданғанын бағамдауға еш мүмкіндік жоқ.
Лига не ұсынады? Қазақстандық кинематографистер "Оскар" премиясына үміткер фильмді қайта іріктеуді, атап айтқанда, 2024 жылы "Тұлпар" Ұлттық киножүлдесі аясында көрермендердің дауыс беруі арқылы өткізуді ұсынып отыр.
Бұл бастаманың артықшылығы туралы Лига басшысы Айдар Баталов "Еуразия24" ақпараттық порталына берген түсініктемесінде былай деді: "Көрермен тарапынан мүдделер қақтығысы болмайды. Халық өз таңдауын кассалық табыс арқылы білдіреді. Яғни, көрерменнің ықыласына ие болып, жоғары табыс жинаған фильм – халықаралық аренада ел намысын қорғауға лайық ең әділ көрсеткіш".

Данна Қарағұсова кім: Ол ғарышқа ұшу үшін қанша төлейді
