Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОСК басшысы референдумның алдын ала қорытындысын жариялады

Референдумның алдын ала нәтижелері бойынша сайлаушылардың 77,18%-і Конституцияға енгізілетін түзетулер үшін дауыс берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы орталық референдум комиссиясы хабарлады.

"Рефрендумға қатысу құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 11 734 642 адамды құрады. Дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны 7 986 293 немесе референдумға қатысу азаматтар санының 68,06 пайызын құрады. Осылайша референдум өтті деп есептеуге болады”, –  деді ол.

 



Референдумға қатысуға қойылған мәселенің оң шешімін жақтап дауыс берген азаматтардың саны еліміздің барлық өңірлерінде дауыс беруге қатысқандардың 77,18 пайызын құрайды. Ал бұл 6 163 863 адам.

Бұл 17 өңірдің әрқайсысында абсолютті көпшілікті құрап отыр. Осылайша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кемінде үштен екісінде қолдау қажеттігі туралы Конституциялық заң талабы сақталды.

Конституциялық түзетулерге қарсы дауыс берген азаматтардың жалпы саны дауыс беруге қатысқандардың 18,66 пайызы немесе 1 490 475 адам.

Айнұр Мұхади
Дүйсенбі, 06 Маусым, 2022 09:48
Талқылау