“Осы сәтті 11 жыл күттім”: Әлем чемпионы атанған Абылайхан Жүсіпов

Дубайда 2-13 желтоқсан аралығында IBA ұйымдастыруымен бокстан әлем чемпионаты өтті.Аталмыш жарыста 71 келіде бақ сынаған Абылайхан Жүсіпов алғаш рет әлем чемпионы атанды. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Ол ақтық сында ресейлік Сергей Колденковті жеңді. Осылайша ол әлем чемпионатындағы тұңғыш алтынына қол жеткізіп отыр.
Бұған дейін ол 2017, 2019 және 2021 жылдары қола жүлдеге ие болған еді.
Осыдан кейін боксшы өз әсерімен бөлісті.
“Қолдауларыңызға, құттықтауларыңызға көп рахмет! Осы сәтті тура 11 жыл күттім! Қаншама еңбек, пен төккен тер ақталды”, – деді Абылайхан Жүсіпов.
Айта кетейік, Абылайхан Жүсіпов ел тарихында ерлер арасынан әлем чемпионатында төрт жүлде алған екінші боксшы. Бұған дейін Серік Сапиевтің қоржынында төрт әлем чемпионатының жүлдесі бар еді.
Жалпы осы Дубайдағы әлем чемпионатында Абылайхан Жүсіповтен бөлек Оразбек Асылқұлов, Сәкен Бибосынов та алтыннан алқа тақты. Ал Сабыржан Аққалықов күміс жүлде иеленсе, Ертуған Зейнуллинов мен Теміртас Жүсіпов қола медаль еншіледі.
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?

