Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда зейнетақы жинағының бір бөлігін білім алуға пайдалану ұсынылды

"Талап" қолданбалы зерттеулер орталығының директоры, Nur Otan партиясы саяси кеңесінің мүшесі Рахым Ошақбаев халыққа зейнетақы ақшасын тұрғын үй мәселесін жақсарту үшін ғана емес, білім алуға пайдалануды ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

рахым ошақбаев

Ошақбаев өз ұсынысын ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтың қатысуымен өткен ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне қатысушылардың кездесуінде айтты.

Ведомство басшысы президенттің бастапқыда білім туралы айтқанын, бірақ жұмыс тобы елде оны алу үшін құралдар жеткілікті деп есептегенін, сондықтан қымбат емдеуді таңдағанын атап өтті. Алайда қазір заң жобасы парламентке енгізілді.

"Егер тұрғынға белгілі бір соманы алуға рұқсат берсек, ол оны білімге қолданса, ештеңе бола қоймас деген пікірдеміз. Сондықтан, егер сіз ЖОЖ мүшелері ретінде қолдасаңыз, онда депутаттар да бар, оны парламентте пысықтауға болар еді", – деп жауап берді Нұрымбетов.


Сондай-ақ, кездесуде "Мейірім акселераторы" республикалық еріктілер қозғалысының жетекшісі Айнұр Сәбитова сөз сөйледі.

Ол министрге еріктілік қызметі үшін еңбек өтілін есептеуді ұсынды.

Сонымен қатар, саясаттанушы, BTS Digital білім беру жобаларының жетекшісі Саясат Нұрбек елімізде қызметкерлерді икемді кесте мен қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру үшін заңнамалық шектеулер бар екеніне назар аударды.

"Бұны реттеу керек, өйткені карантин режімі ұзаққа созылады", – деп атап өтті Нұрбек.

Кездесу қорытындысы бойынша, айтылған ұсыныстарды министрлік қарайды деген шешім қабылданды.

 

Талқылау