Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өсек айтудан жалыққан шығарсыздар": Ерке Есмахан өзін Қайрат Нұртаспен қосқандарға жауап берді

Қайрат Нұртаспен қарым-қатынасы туралы қауесеттерден шаршаған әнші Ерке Есмахан екеуінің қандай қарым-қатынаста екенін айтуды жөн көрді. Әнші оқырмандарына жауап берді. 

Өнер иесі өзінің Instagram парақшасында Қайратпен бірнеше фото және видео жариялап, олардың шығармашылық қарым-қатынасы туралы әңгімеледі.

"Қайрат екеуміз туралы әңгіме, өсек айтудан жалыққан шығарсыздар! Шығармашылыққа көшетін кез келді. 2019 жылы "Хабар" телеарнасында "Жұлдызды жекпе-жек" бағдарламасында жүргізуші болдық. Сол бағдарламада мен Қайраттың "Ауырмайды жүрек" әнін орындадым. Ал Қайрат менің "Аэропорт" әнімді шырқады!”, – деп жазды Ерке.

Әншінің айтуынша, оның әні Нұртасқа қатты ұнаған. Сондықтан 2019 жылы Аренада өткен үлкен концертте ол әнді қайта орындаған.

“Әрине, ол мені концертке қонақ ретінде шақырды. Мен гүлмен бардым. Дәл осы концерттен кейін келесі карантин басталды. Қайраттың орындауындағы бұл ән тыңдарманның ыстық ықыласына бөленді. Бірнеше жылдан кейін әйгілі Мальдив аралдарына оның туған күніне келгенде тағы да орындадық", - деді Есмахан.

Ерке олардың Мальдив аралдарындағы яхтада бірге уақыт өткізіп, Нұртастың суға секірген сәті түсірілген видеосын да жариялады.

"Қайрат нағыз батыр! Ол қорықпай теңізге секірді!" – деді әнші видео анықтамасында.

Ерке туған күн кешінен сурет-видеолар жариялады. 

"Аэропорт" әнінің шығу тарихы қысқаша! Қайрош, ел аузына келгенін айта берсін! Шынайы достығымызға Алла куә! Жұлдыз екеуің бірге қартайып, бала-шағаңның барлық қызығын көрулеріңді тілеймін! Аман болыңдар. Әрқашан биікте болыңыз!" – деп жазды Ерке.


Мөлдір Төлебай
Бейсенбі, 12 Мамыр, 2022 14:41
Талқылау