Орталық Азияда қай елдің зейнеткерлері көп ақша алатыны белгілі болды
Орталық Азияда қай елдің зейнеткерлері көп жалақы алатынын белгілі болды. Статистикаға сәйкес, ең көп орташа зейнетақы Қазақстанға тиесілі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Kaktus Media сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Stan.kz
Орталық Азия елдерінің статистика департаменттерінің сайттарынан алынған ақпаратқа сәйкес, қазір ең көп орташа айлық зейнетақы Қазақстанға тиесілі. Елімізде азаматтар шамамен 89 275 теңге алады.
Фото: kaktus.media
Рейтингте Қырғызстан екінші орында. Онда Ұлттық статистикалық комитеттің мәліметіне сәйкес, 2023 жылдың қорытындысы бойынша зейнетақының орташа мөлшері 9 379 сом (55 мың теңгеден сәл асады) болды.
Үшінші орында Өзбекстан. Көрші ел азаматтары айына шамамен 1,2 миллион сум (48 мың теңгеге жуық) алады. Ал төртінші орынға Түркіменстан жайғасқан. Ол елдің азаматтары орта есеппен 300 манат (44 мың теңгеге жуық).
Ең төменгі орташа зейнетақы 2023 жылдың қорытындысы бойынша Тәжікстанда. Онда тұрғындар 370 сомони (17 мың теңге) алады.
Айта кетейік, бұған дейін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) 2025 жылға арналған зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткілікті шегін өзгеріссіз қалдырғаны туралы жазған едік.