Өрт сөндірушілерге кедергі келтірген: Қарағандыда өрт шыққан ферроқорытпа зауытының басшылығы сотталды
Қарағанды қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі аудан аралық сотында "YDD CORPORATION" ЖШС-дегі мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарына қызметтік міндеттерін орындауға кедергі жасау фактісі бойынша әкімшілік іс қаралды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

2024 жылдың 20 шілдесінде "YDD CORPORATION" ЖШС ферроқортыпа зауытындағы пештен өрт шығып, салдарынан сегіз адам зардап шеккені анықталды. Зардап шеккен 4 жұмысшы көз жұмды.
Соттың мәліметінше, оқиға орнына келген Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлеріне "YDD CORPORATION" ЖШС-нің сенімді өкілдері кедергі келтіріп, оқиға туралы ақпарат беруден бас тартып, ТЖД қызметкерлерін 40 минут зауыт аумағына кіргізбеген.
“Осы факті бойынша "YDD CORPORATION" ЖШС-не қатысты “мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарына қызметтік міндеттерін орындауға кедергі жасау” бабымен әкімшілік іс қозғалып, сотқа жолданды. Сотта "YDD CORPORATION" ЖШС-нің өкілі тағылған әкімшілік құқық бұзушылық бойынша кінәсін мойындамады, "YDD CORPORATION" ЖШС-нің кінәсі іс бойынша келтірілген дәлелдермен расталды”, – делінген сот хабарламасында.
Сотта "YDD CORPORATION" ЖШС-не 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл түріндегі жаза тағайындалды. Сот қаулысы заңды күшіне еңген жоқ.
Еске салсақ, бұған дейін Қарағанды ферроқорытпа зауытында апат болып, 8 жұмысшы жарақат алғаны туралы жазған едік.
Танымал продюсер еңбек өтілін дәлелдей алмағандықтан зейнетке шыға алмай жүр