Ферроқорытпа зауыптындағы апат: Компания қаза тапқан жұмысшылардың отбасына 10 жылдық жалақы мөлшерінде ақша төлейді
Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытына тиесілі “YDD Corporation” компаниясы қайтыс болған жұмысшылардың отбасына қолдау көрсетіп, көмектесетінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Stan.kz
Компания жерлеу рәсімін ұйымдастыру, ас өткізу және мазар салу бойынша барлық шығынды өз мойнына алады. Атап айтқанда, “YDD Corporation” компаниясы келесі міндеттемелерді атқарады:
- Отбасын қолдау үшін 10 жылдық жалақы мөлшерінде біржолғы төлем жасайды;
- Отбасының тұрғын үй жағдайын жақсартуға көмек көрсетеді;
- Қызметкер мен оның жұбайының барлық несиесін толық өтейді.
Сондай-ақ олар барлық зардап шеккен жұмысшыға медициналық көмек көрсетуді жалғастырып, қызметкерлердің мүмкіндігінше тезірек отбасына оралуларына жағдай жасайтынын айтты.
Еске салайық, 20 шілдеде Қарағанды ферроқорытпа зауытында төтенше жағдай болып, 8 жұмысшы әртүрлі дәрежеде жарақат алғанын жазған едік. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, арнайы комиссия да құрылды. Кейінгі үш күнде зардап шеккен 8 қызметкердің төртеуі ауруханада көз жұмды.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады