AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Орманда тұрмаймыз ғой": Мусин "Сбермен" келісім жасауға қатысты түсініктеме берді

Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин алдағы уақытта "Сбер" компаниясымен бірлескен жұмыс жүргізуге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мусин Қазақстан цифрландыру мәселесінде “Сбермен” ынтымақтастықтан бас тарта ма деген сұраққа біржақты жауап бермеді. Оның айтуынша, өткен жылы "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ жанындағы сараптамалық кеңес баламалы нұсқаны қарастырған.

"Негізі, біз қазір қазақстандық IT-нарықтағы компаниялармен бірге қазақстандық отандық платформаны құруды біртіндеп бастауға бейімделіп жатырмыз. Қазақстандық мамандар мен отандық мемлекеттік институттарды тарта отырып елімізге қажет нәрсені жасаймыз. Бірақ біз жоспарларымызды жүзеге асыру үшін шетелдік мамандардың көмегінен бас тартпаймыз”, - деді Мусин.

Ол әзірленіп жатқан платформаның көптеген құрамдас бөліктерден тұратынын түсіндірді. Олардың кейбірін отандық мамандар жұмыс істете алмауы мүмкін. Сондықтан халықаралық компаниялардың көмегіне жүгінуге мәжбүр болуымыз мүмкін. 

“Бастапқы кезеңде қолымыздан келгенін жасап, тырысып көреміз. Басқа да мамандардың көмегі қажет болары анық. Бірақ бір тек “Сберге” ғана емес,  басқа да қолдау көрсете алатын ойыншыларға да жүгінеміз. Орманда тұрмаймыз ғой. Сондықтан жан-жақты қарастыратын боламыз” – деп сендірді министр.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр