Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Орысшам жетік болмай, шеттетілдім": Сәкен Майғазиевтің ұлы бала кезіндегі "Қайратқа" қатысты өкінішін айтты

сәкен майғазиев Фото: https://www.instagram.com/saken_maigaziyev/

Әнші Сәкен Майғазиевтің ұлы Әділет Қордабай “Қайрат” футбол командасына қатысты естелігін бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Блогер жігіттің сөзінше, бала күнінде командада ойнаған. 

“Мектеп кезінде шашушы едім. Әттең, менің жылдарымда профессионал футболда орысшаң жетік болмаса, шеттетуші еді. Сол күйі көңілім қалып, тастап кеттім. Мүмкін, бұл сөзім жай сылтау шығар”, – деп жазды Әділет. 



“Музарт” тобының әншісі Сәкен Майғазиев те ұлының құрамада ойнағанын растады. 

“Негізі, ұлым бүгін “Реалға” қарсы ойнап жүретін жігіт еді. Өзі қаржыгер боламын деп шешті. “Қайратқа” жеңіс тілеп қояйық, достар”, – деп жазды әнші. 

Еске салайық, Нұрлан Еспановтың ұлы "Қайрат – Реал" матчына 1 билетті 600 мың теңгеге сатып, сынға қалғанын жазған едік. 

Гүлдана Нұрлыханова
Сейсенбі, 30 Қыркүйек, 2025 17:06
Талқылау