Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оразада тіс пастасын қолданса бола ма?

Ораза ұстаған адам ауызын тазалауын болады. Тіпті Пайғамбарымыз (с.а.у.) : «Аузы берік кісінің тіс тазалағышы ол – мисуак», [16]- деген.

toothpaste_1300

Десе де, шариғатта аузы берік кезде себепсіз бір нәрсенің дәмін тату не шайнау- мәкрүһ, яғни ұнамсыз іс [17]. Бұған байланысты кей ғалымдар тіс пастасын қолданарда ішке кетіп қалмауын қадағалағанмен, оның дәмі, бәрібір, ауыз қуысында ұзаққа сақталып қалады.

Сондықтан ораза ұстаған адамға тіс пастасы да мәкрүһ деген пікірде [18]. Алайда «оны қолдануға рұқсат. Тек ішке кетіп қалмауына көңіл бөлсін» деген ғалымдар да жоқ емес [19]. Ендеше, ішке кетіп қалу ықтималдығы болғандықтан, ауызы берік кезде тіс пастасын қолданбаған абзал. Ал, қолданғысы келген кісілер, ішке кетіп қалмау жағын қатаң ескергені жөн. Себебі, ол ішке кетіп қалса, оразаны бұзады.

Автор:Абдусамат Қасым

Жіберіп алмаңыз:

Мамандар адам психикасы үшін ең қауіпті желіні анықтады

Ақмола облысында дәрігерлер шала жетіліп туған нәрестенің өмірін сақтап қалды

Бүйректің қызметін бұзып зиянын тигізетін 8 дәрі

Шымкент емханасында бейтаныс ер адамның туыстары іздестіріліп жатыр

Талқылау