Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралдық ата-аналар оқулықта “лайкать”, “пиарить” деген сөздер өріп жүргенін айтып шағымданды

Орал қаласында ата-аналар бесінші сынып оқулығындағы кейбір сөздерге байланысты наразылық танытып, дау көтерді. Олардың айтуынша, орыс тіліне қатысы жоқ сөздер оқулықтың ішінде өріп жүрген көрінеді.

045751

Бұл туралы “Мой Город” порталы хабарлайды.

Клокова, Белозёрова, Ибраева, Сүлейменова, Мұханбетқалиев, Қасымова және Опря есімді авторлар жазған орыс тілі оқулығында «Желілік этикет», «Армандағы көлік», «Автокөлік жарнамасы» атты тақырыптар бойынша материалдар көрсетілген. Осы тақырыптар аясында «пиарить подкаст через соцсети», «лайкать в соцсетях», «эмотиконы» атты тіркестер жиі кездеседі екен. Оқулықтағы бұл жаңаша сөздер ата-аналардың таңданыстырын тудырған.

Сонымен қатар, оқушылардың ата-аналары орыс тілі бойынша бағалау жүйесі енгізілмегенін, сынақтан өтуі үшін тапсырманың пайызы орындалса жеткілікті екенін де алға тартты.

“Бұл оқулықтармен сауатты болып жетілу мүмкін емес, керісінше бала санасына зиянын тигізеді”, – дейді ата-аналардың бірі.

Оқи отырыңыз:

Қостанайлық азамат екі жыл бойы туған қызын зорлап келген

Павлодар кафесіндегі шу тудырған порно роликтің бас кейіпкері жазадан құтылып кетті

Астаналықтар 6 баласымен жалғыз қалған әйелге көмек көрсетті

«Ұшақтағы қазақ тілі» анекдотқа айналды

Талқылау