Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралдың бас жоспары Қарағанды мен Семейден көшірілгені үшін әкімнің орынбасары сөгіс алды

Азамат Халелов

Фото: Орал қаласы әкімдігі

250 миллион теңгеге әзірленген Орал қаласының бас жоспары Қарағанды мен Семей қалаларынан көшіріп алынғаны анықталған соң, қала әкімінің орынбасары Азамат Халелов жауапқа тартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Орал қаласы әкімінің орынбасары, сәулет және құрылыс мәселелеріне жауапты Азамат Халеловқа жаңа бас жоспардағы қателіктерге байланысты сөгіс жарияланды. Бас жоспардан тек Орал қаласы емес, Қарағанды және Семей қалаларының да атаулары табылды. 

Қала әкімдігінің мәліметінше, бас жоспардағы қателерге жауапты маман сөгіс жарияланбастан бұрын жұмыстан шығып кеткен. Ал Азамат Халеловтың мұны “техникалық қателік” деді. Оның айтуынша, басқа қалалардың бас жоспарларымен де айналысып жатқан жобалаушылар қателесіп, материалдарды шатастырып жүктеген.

Бас жоспардағы сәйкессіздік пен қателерді 15 шілде күні қоғамдық тыңдау кезінде қала тұрғындарының бірі Данил Макатуха анықтаған. 

Жобаны 250 миллион теңгеге "Grado" ЖШС әзірлеген. Әкімдіктің мәліметінше, жоба аясында толыққанды жұмыстар атқарылған – топографиялық түсірілім жасалып, инфрақұрылымға талдау жүргізілген.

Еске салайық, бұған дейін Орал қаласының жаңа бас жоспарына Қарағанды мен Семей қалаларының жобасын көшіріп қойғаны туралы жазған едік.

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 28 Шілде, 2025 14:13
Талқылау
`