Оралдық мұғалімдер коронавирусқа қарсы вакцинация құжатын қолдан жасатқан
Оралда мектеп ұстаздары COVID-19-ға қарсы вакцинация құжатын қолдан жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.
БҚО Полиция департаментінің мәліметінше, облыс орталығында орналасқан мектептердің бірінде жұмыс істейтін 37 жастағы мұғалім 5 маусым мен 15 маусым аралығында COVID-19-ға қарсы вакцинация паспортын қолдан жасаған.
“Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы 3-бөлімі "Жалған құжаттарды қолдан жасау немесе сату" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды”, – дейді полиция басқармасындағылар. Алайда олар жалған құжат жасау барысына медицина қызметкерлерінің қатысы бар немесе жоқ екенін ашып айтпады.
Еске салсақ, Алматыдағы үш медициналық мекеменің қызметкерлері ПТР нәтижелері мен вакцинация төлқұжаттарын қолдан жасағаны үшін сотталған болатын.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”