Оралда жезөкшелер өш алу үшін өзімен жақындасқан полицейдің суретін жариялады
Оралда полицейдің ұятсыз суреттерін жариялап жіберді.
Суреттерді қолданушы Думан Жұмаділов желідегі парақшасында жариялады. Айтуынша, «Одноклассники» желісінде суреттерді жезөкшелердің өздері жариялаған. Желі қолданушысының айтуынша, өңір полицейі Оралдың «Пентагон» ауданында жезөкшелерді «басқарады».
«Полицей үй алу кезегіне тұрған. Қызметі де көтерілудің аз алдында еді», деп жазады желі қолданушысы.
“Уральская неделя” жергілікті басылымының мәліметінше, суреттегі полицейдің ісіне қатысты тексеру жүріп жатыр. Орал қаласы ішкі істер басқармасының басшысы Мирлан Айкеновтің болжамынша, суреттегі әйел полицейдің некелі әйелі.
Тағы да оқыңыз:
Атырауда үлкенге араша боламын деп көз жұмған жігіттің әйелі жанайқайын жеткізді
Қарағандыда өлі күйінде табылған жігіттің анасы оқиғаға полицейлерді кінәлайды (фото)
Педофилдің құрбаны болған 5 жасар қыздың анасы көпшіліктен көмек сұрайды