Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда өз қатарластарын зорлаған оқушы 10 жылға сотталды

Жасөспірімдерге зорлық-зомбылық көрсеткені үшін Орал оқушысы 10 жылға колонияға түсті.

1102491

Кәмелеттік жасқа толмаған бала сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық көрсеткені үшін айыпты деп танылды. Сот баланы 10 жылға колонияға қамауға шешім шығарды деп хабарлайды Уральская неделя.

Кәмелеттік жасқа толмаған Аманов құрдастарына зорлық-зомбылық көрсетті деген күдікке ілінген. Бұл оқиға 2016 жылы 4 ақпанда болған. Сот оны ҚР ҚК 121-бабы, 3-бөлігі, 3-пункті “Кәмелеттік жасқа толмағандарға қарсы қасақана сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеті” бойынша 10 жылға бас бостандығынан айыруға шешім шығарды. Апелляциялық шағымдардың түсірілгеніне қарамастан, 2016 жылы 16 қарашада бұл істі қайта қараған апелляциялық инстанция соты сотталушының айыпты екеніне еш күмән білдірген жоқ. Сотталған баланың анасы сот үкімімен келіспейді.

“Менің ұлым – өте ұяң, тыныш бала. Сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық әрекетін жасады дегенге сенбеймін. Оны үнемі жанымда ертіп жүретінмін. Мектептен соң ұлым жаттығуға баратын, содан кейін үйге қайтатын. Қазақстанға жақында ғана көшіп келдік, әлі ешкіммен достасып үлгерген де жоқ. Ал, сыныптастарымен мектептен соң күндіз ғана жолығатын. Түрмеде балам өз-өзіне қол жұмсауға тырысқан, бірақ қасындағылар оның әрең дегенде құтқарып қалды”, — дейді баланың анасы.

Ашынған ана қол қусырып отырмақ емес. “Біріншіден, кәмелеттік жасқа толмаған баланы жасөспірімдерді азғындатты деп айыптағандарын түсінбеймін. Ресей Федерациясының азаматы болғандықтан, Владимир Путинге хат жаздым. Енді Астанаға барып, Қазақстан Жоғарғы сотына кассациялық шағым түсірмекпін. Баламның екі адвокаты бар, бірақ бәрі бір әділдікке қол жеткізе алмай отырмыз”, — деді сотталған баланың анасы.

Оралда кішкентай қызды ұрлап әкеткен 74 жастағы қарияға сот үкімі шықты

Күйеуінен таяқ жеп көз жұмған әйел өмірінің соңғы сәттерін диктофонға жазып үлгерген

Күйші: Домбырамды су жаңа «Тойота Камри 40» көлігіне айырбастамай қойдым

Талқылау