Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда үш баланың анасы жоғалып кетті

Оралда 40 жастағы әйел жоғалып кетті. Райхан Таңжарикованы үш баласы күтіп отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой Город" басылымына сілтеме жасап.

Жоғалған әйелдің туысы Райхан Таңжарикованың Теректі ауданының Сарыомир ауылында тұрып, Наурыз мейрамына орай Орал қаласына барғанын айтады

Қалада ол орталық базар аймағында тұратын әпкесінің қасында болды. Өзімен бірге телефоны болмаған. Ол кетіп бара жатып, жұмыстарымен сыртқа шығып бара жатқанын айтқан. Бұл түскі уақыт болған. Райхан сол кезден бері қайта оралмаған.

"Біз осы күндер бойы күттік және қайтып оралады деп үміттендік. Бір-екі күн бұрын полицияға хабарланды. Бұрын ол ешқашан кетіп қалмаған, жоғалмаған. Есепте еш жерде тұрмайды, ішпейді. Үйде күйеуі мен үш баласы бар, ең кішісі екінші сыныпта оқиды", - деді жоғалған әйелдің туысы.

Полицияға адамның жоғалғаны туралы арыз түспеген.

Райхан Танжарикова туралы қандай да бір ақпаратты көрген немесе естіген, оның тұрған жерін білетін адамдарға Ағила Құдайбергеноваға хабарлауды сұраймыз: +7 702 798 61 20.

Бұған дейін Таразда жоғалып кеткен жасөспірімдерді он күннен бері іздеп жатқаны хабарланды.

STAN.KZ
Жұма, 02 Сәуір, 2021 10:32
Талқылау