AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда шенеуніктер таныстарына заңсыз пәтер үлестіріп, кезекте тұрғандарды баспанадан айырған

Орал қаласында әлеуметтік осал топқа жататын 200-ге жуық адамды баспана кезегінен негізсіз шығарып тастаған. Ал оларға тиесілі пәтерлерді басқаларға берген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Astana TV арнасына сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басқарма басшысының орынбасары Әлия Денизбаеваның айтуынша, кезектен шығарылған жүздеген адамның ішінде жетім балалар, көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар және тағы басқа әлеуметтік осал топтар бар.

"Қазіргі кезде кезектен шығарылған барлық азаматтың кезегін қалыпқа келтіру бойынша тиісті шаралар қабылданды. Мемлекеттік органдарға тиісті ұсынымдар берілді. Олардың нәтижесі бойынша нақты шаралар қабылданды", - дейді Денизбаева.

Шенеуніктердің шарапатына кенеліп, кезектен тыс үй алған 169 адамның кім екені белгісіз. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметіне сәйкес, пәтерге мұқтаж емес тағы 247 адамға баспана берілген. Ал облыста 1800 жетім үмітін үзбей, үй кезегін күтіп жүр. Олардың ішінде Әсел Антаева да бар. Ол қуықтай бөлмеде үш баласымен он бір жылдан бері тұрады. Сол кезде баспана кезегіне 597-болып тіркелген. Қазір 170-орында тұр.

"Біз қала әкіміне де, орынбасарларына да бардық. Тұрып жатқан пәтерімізде жағдай жасалмаған, жуынатын жер жоқ. Көріп отырсыз ғой, қызым осы жерде тамақ ішіп, осы жерде сабағына дайындалады. Біздің бөлмеге күн түспейді, сыздан балам жөтеліп, ауырады. Қызымның бүкіл кітабы су болады", - дейді Антаева.

Балалар үйінің түлектері "Шаңырақ" жасөспірімдер үйінде 23-ке дейін тұра алады. Бірақ көбінің жасы әлдеқашан асып кеткен, арасында тіпті 50-ді еңсергендері бар. Өйткені олардың баратын басқа жері жоқ. Сондықтан үй кезегін ондаған жыл күтуге мәжбүр. Бірақ жетімнің несібесіне жармасқан жергілікті шенеуніктер пәтерді ханталапайға салған.

Мәселені аймақ басшысы Ғали Есқалиев өзінің Facebook парақшасында жағдайды жеке бақылауға алғанын жазды. 

“Мен Орал әкімдігіне толық ақпарат беруді тапсырдым. Бапта көрсетілген фактілер расталған жағдайда, кінәлі адамдар заңға сәйкес жауапқа тартылады. Мен бұл мәселені жеке бақылауымда ұстаймын, - деп сендірді әкім.

Сонымен қатар, қалалық әкімдікте олар тарапынан қателіктер жіберілмегенін мәлімдеді. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары Қанат Өмірәлиев кезекте тұрғандардың заң бойынша есептен шығарылу жағдайлары бар екенін атап өтті.



“Заң бойынша, егер тұрғын үй кезегінде тұрған адамдардың өз баспаналары болса немесе олар тұрақты тұру үшін басқа қалаға көшсе немесе мемлекеттік қызметтен кетсе, онда біз оларды кезектен шығарамыз, бұл заңды. Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған көп балалы отбасылар және толық емес отбасылар есептен шығарылмайды. Егер көп балалы отбасыларда тәрбиеленетін балалар кәмелеттік жасқа толса, оларды да есептен шығара алмаймыз. Бірақ егер олардың баспанасы болса немесе көшіп кетсе, біз есептен шығара аламыз. Бізде мұндай 55 жағдай бар”, - деді Қанат Өмірәлиев.

Заңсыз тұрғын үй алған 247 адамға келетін болсақ,  Өмірәлиев бұл адамдардың тұрғын үй қоры арқылы баспана алғанымен түсіндірді. Пәтерлер қалаға ротация бойынша басқа өңірлерден келген медицина қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне берілген. 

Орал әкімінің орынбасары Мирас Мүлкай биылғы жылдың мамыр айында 13 санат бойынша тұрғын үй алу кезегінде 22 мыңнан астам адам тұрғанын айтты. Негізінен бұл көпбалалы отбасылар, ҰОС ардагерлері, жетім балалар, толық емес отбасылар. Жетім балалар, көп балалы отбасылар және толық емес отбасылар. Олар есептен шығаруға жатпайды. 

“Бұл санаттардың арасында кезекте тұрған адамдар бар, бірақ олардың өз баспаналары бар. Біз оларды кезектен алып тастай алмаймыз. Бірақ кезекте тұрғанның меншігінде жалпы ауданы 280 шаршы метр болатын екі пәтер немесе жеке үй болған жағдайлар болды. Заң бойынша біз оларға баспана бермеуге құқығымыз бар, бірақ кезектен алуға құқығымыз жоқ”, - деді Мүлкай.

Қорытындылай келе, қала әкімінің орынбасары әкімдік тұрғын үйді заңды негізде беретіндігін және заңды бұзуға жол бермейтінін мәлімдеді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр