Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Оралда өз махаббатын желіден іздеген жігіт кездесуде алданып қалды

Фото: видео кадрларынан

Оралда өз махаббатын тапқысы келіп, желі арқылы танысып, кездеспек болған жігіт алаяқтардың құрбаны болды. Кездесуге барған жігітті қыздың жалған ағалары күтіп алып, оның бар ақшасын өздеріне аударған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Полицияның мәліметінше, жігіт Telegram арнасы арқылы қызбен танысқан. Сөйлесу кезінде қыз ер адамды үйіне шақырған.

Кейін ол пәтерге келгенде оны белгісіз үш адам күтіп алған. Олар жігітті сыртқа шығарып, өзін қыздың ағалары ретінде таныстырып, бопсалап, ақша талап еткен. 

Қорыққан жәбірленуші ұялы телефонын қаскүнемдердің біріне берген. Ол мобильді қосымша арқылы ақшасын банктік шотына аударып алған.

Полицияның мәліметінше, үш жігіт те студент болып шықты және қыз да ұсталды. Бұл осы схемамен жасалған алңашқы қылмыс емес екен. Өткен аптада Алматыда дәл осылай бопсалағандар ұсталды. Сондықтан полиция желідегі таныстық кезінде мұқият болуға шақырады.



“Қазір бопсалау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бес күдіктінің ішінде – Орал қаласының колледждерінің төрт студенті мен кездесуді ұйымдастырған қыз бар. Полиция тергеуді жалғастырып жатыр және азаматтарды қырағы болуға, интернеттегі арандатушылыққа бой алдырмауға шақырады”, – деді БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Нұржан Қуанғали. 

Гүлсезім Мұхатай
Бейсенбі, 24 Сәуір, 2025 09:36
Талқылау